Өзекті мәселелер

  • 19.07.18

    Бұған дейін Бас прокурор қызметінде болғанда да адалдығымен, іске берілгендігімен көзге түскен Жақып­  Асанов бұл жолы да бұрынғы әдетінен таймады­.  Жартыжылдық   есебін  қорытындылаған бас  қазы  қолшоқпарға  айналған  судьялардың  атын атап,  түсін  түстеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 19.07.18

    Алдағы 3 жыл Ақмешіт атырабы үшін кәсіпкерлік жылы болып белгіленді. Бұл туралы кеше облыстық мәслихаттың­ кезекті 21-сессиясында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы айтты. Алқалы басқосуда аймақ басшысына ұсынысты облыстық мәслихат депутаты Асқар Махамбетов жеткізген­ болатын. Оны бірден қабыл алған Қ.Көшербаев «халықтың қолын аузына жеткізудің бірден-бір жолы – кәсіп­керлікті дамыту» деп қадап айтты...

    Толығырақ...
  • 19.07.18

    Талант дегеніміз дала тілімен түстегенде хас тұлпар секілді. Жүйрікті баптамаса, бәйгеге қоспаса, қора тұт­қынына айналады. Ел құша­ғындағы дарабоздар ондай сыңаржақ тон пішуді пыру демейді. Бұлар әу бастан туған­ жердің бір тамшыдан нәрленер сүйрігіндей ми қайнатар аптаптың өзіне шыдас береді. Қолдан жасалатын қайшылықтардан жа­сы­май, намыс шарқайрағына жанылып, бұрынғыдан да өткірлене түседі...

    Толығырақ...
  • 19.07.18

    «Адам екі нәрседен қателеспеу керек. Бірі жар таңдаудан болса, екіншісі – мамандық таңдау­дан» деп жатамыз. Әлбетте, жар таңдау – өзге тақырып. Біздің қозғағалы отырғанымыз маманд­ық жайында. Яғни, қазіргі кезде ерлер­ қауымына сәйкес келмейтін кәсіп жайлы болмақ. Рас, мамандық түрлері өте көп. Мамандықтың бәрі жақсы дегенмен, ер-азаматтардың көпшілігі әйел адамдарға тән жұмыстармен айналысуға ...

    Толығырақ...
  • 19.07.18

    Мен «Мырза» беті үшін ер-азамат туралы өз ойымды білдіргім келеді. «Қазіргі ерлер ұсақталып кетті» деген пікір бар. Өзім ол пікірге толық қосыла алмаймын. Өйткені оларға бүгінгі нарық жағдайы, жұмыссыздық себеп болып отыр. Бірақ атам заманнан еркектің аты – еркек.

    Расы сол, әйелдерге қарағанда көп жұмыс атқаратын да, өндіріп табыс табатын да – еркек. Ал қазір үйде де, түзде де бала тәрб...

    Толығырақ...
ЕМХАНА ҚЫЗМЕТІНЕ КӨҢІЛІМІЗ ТОЛМАЙДЫ
15.03.2018 12:11

Өткенде  ауылдық  округ  әкімшілігі  ұйымдастырған  қоғамдық  кеңес  отырысының  біріне  қатысқан едік.  Сол  жиында  айтылған жергілікті  қоғамдық кеңес және  халық  алдында  ауылдағы мекеме басшылары есеп беретіні  қуантарлық  жағдай. Осы жылғы ақпан  айында  ауылдық  емхананың  есебі тыңдалатыны  жадыма жазылып, маза бермей келеді. «Дені саудың – жаны  сау»  демей  ме қазақ атамыз. Қай жерің ауырса, жаның сол жерде деген де бар. Алайда қынжылтатыны  сол, даңғарадай  ғимараты  бар, барлық  жағдайы  жасалған  ауылдық емхана қызметінің өте төмен деңгейде  болуы еді. Нақты айтар болсақ, осыдан екі ай бұрын қайғылы жағдай орын алды.  Бәрі де бір Құдайдың қолында шығар, бірақ бұл – қателік. Себебі ауылдық емхана қызметкерлерінің  салғырттығы,  шақырту кезінде бірінші кезекте  жеке басының жұмыстарын қоюы. «Қолым тимей жатыр», «қонақ келіп қалды», «үйде адам жоқ» деген жайттарды жиі естиміз. Олай болмаған жағдайда келген дәрігердің қолында дәрісі немесе құралы жоқ, тек тамыр ұстаушылар келеді. Тамыр ұстаудың заманы өтті, алғашқы медициалық көмек көрсететін арнайы қолсөмке бар емес пе, ол қайда?

Науқастың жанына келген медбикелер көп жағдайда дәрігеріне қоңырау шалып жатады: температурасы бар немесе жоқ, «ана жерім дейді», «мына жерім дейді, не істейін» деп. Осы кезде арғы жақтан «ана дәріні салып көр» деген дауысты  естиміз, сонда ауру адам сынақ жүргізетін сынақ алаңы болғаны ма?

Соңғы кезде ауыл тұрғындары арасын­да  «бірден  қалаға  көрінейік»  деген­ сөз туындауда. Жолдама алу үшін амалсыз­ ауылдық емханаға келеміз. Сонда ауылдық емхана кеңес дәуірінде жұмыс істегеніміздей жүргізушілерге­ жолдама (путевка)  беретін диспетчер­дің қызметіне  айналғаны  ма?

Дәрі жоқ! Бөлінген дәрі қайда? Емхан­а жанында дәріхана бар, онда дәрі де бар. Бұл дәріхана қалай ашыл­ған? Жеке біреулердің дәрісін сатуға арнайы­ маман бекіткен бе? Әлде бөлінген дәрі саудаға шыға ма? Ең бірінші дәрігер науқасты жүрегімен емдейт­іні қайда? Басы ауырып, бал­тыры сыздағандарға жылы сөз, оң көз­қарас қажет емес пе? Жақында болған­  қайғылы  жағдайдан соң, қателігі бар дәрігердің оның отбасына барып: «Өлетін адам өлді, енді не қыласың­дар?» дегені қалай? Гиппократтың  алдындағы ант қайда? Осыдан 2-3 жыл көлемінде ауыл тұрғынының әлеуметтік  желіде  жариялаған  мақаласы елді елең еткізді. Себебі емханаға барсаң, шай болмаса, қарамай ма деген. Бұл не сонда­, шай беру, шай ішу үрдіс пе? ҚР ҚК-інде медицина қызметкерлерінің осы кәсiпқой қателіктері үшін қыл­мыстық­  жауапқа  тартылады  де­лінген. Сол  шектеулі  тізімдегі «Заңсыз сыйлық  берудi  алу»  деген  бапқа жатпай ма?  Демек,  бұл –  дәрігерлік қате­ліктің пайда­ болуы­.  Анығырақ  ашып  айта­йық.

Дәрігерлік  қателіктің  пайда  болуы­ның себебі,  бірінші – дәрiгердiң  құзырлы  еместiгi,  емделушіге енжар қатынас, бұл – ең ауыр жағдайлар. Кейбір кезде ең сирек кездесетін ауруды­ң пайда болуы дәрiгердiң төмен бiлiктiлiгiне тікелей байланысты. Төменде көрсетілген тізімдер бойынша ҚР ҚК-нің баптарымен медицина қызметк­ерлері  осы  кәсiпқой  қателіктері  үшін  қылмыстық  жауапқа  тар­ты­лады:

- байқаусыздық бойынша өлтiрiп алу;

- алып қоюға мәжбүр ету немесе адамның мүшелері және кездеме­лерi­нiң заңсыз алып қоюы;

- дәрiгерлiк және фармацевтикалық  қызметкерлердiң кәсiби  мiндеттерiн  лайықсыз  орындауы;

- клиникалық зерттеу­лердiң жаңа әдiстер мен профи­лактика бойынша диагно­стика, емдеу және медици­налық оңалтудың өткiзуiндегі қолдану ретiн бұзу;

- түсiктiң заңсыз өндiрiсi;

- ауру адамға көмек көр­сетпеу;

- қауіпті жағдайда қал­дыру;

- психиатриялық стационарға  заңсыз  жатқызу;

- адамдармен  сауда;

- бөпені ауыстырып жiбе­руi;

- бала асырап (қыз бала асырап алу) алудың жасырын сырдың  ашылуы;

- дәрiгерлiк жасырын сырдың­  ашылуы;

- заңсыз сыйлық берудi алу;

- есiрткi заттарды заңсыз жасау, өңдеу, алу, сақтау, тасыма­лдау немесе өткiзуi;

- заңсыз дәрiгерлiк немесе­ фармацевтикалық қызмет;

- рецепттердi заңсыз беруi немесе басқа құжаттардың жалғаны­.

Осы мәселелерге байланысты дәрігердің кінәлі әлде кінәлі еместігін сот шешеді.

«Айта-айта Алтайды, Жамал­ апам қартайды». Бұл не? Түсінбей қалсаңыздар, айтайық. Ауылдың ұйыған ауызбірлігіне кері әсерін туғызар­, ағайындық араға жік түсер, бірақ айтпасқа бол­майды. Бұл мәселе бұрын­дары да туындап, өзгеріссіз қалған жедел жәрдем көлі­гінің  уақытында келмеуі, кешігуі, бұзылдым деп сылтау айтуы, науқастан бензинім жоқ деп жанар-жағармай тала­п етуі. Басқа салғасын амал жоқ, табасың, болмаса, өле бер. Неге өлу керек осындай заманда? Бөлінген қаржы қайда? Жедел жәрдем жүргізушісінің үйінен сататын жанар-жағармайы не май? Осыған үңіліп көрдіңіздер ме? Қарақұм беткейінен мал  тасу, өзінің немесе басқа біреудің сойылған малы­н­ың етін тарату не деген сұмдық немесе жеке жұмыстарға жалдануы қалай? Санитарл­ық талаптар қайда? Қасқырға қой бақтырғанымыз ба? Тұрғындардың емделемін деп жүріп, ауру жұқтыр­масына кім кепіл? Жедел  жәрдем көлігі үнемі дайын болуы­ керек емес пе? Әлде дәрігердің жиналысқа қатынайтын немес­е жүр­гізушінің жалдан­ып пайда тауып, шаруа­сын  бітіретін  жеке  көлігі  ме?

Білмесеңіздер, анықтап көрейік.

Жедел  медициналық жәрдемнің міндетіне  мыналар  кіреді:

1. Ауруханаға дейінгі кезеңде нау­қастың немесе оны қоршаған адам­дардың денсаулығына және өміріне қауіп төнген жағдайда, кенеттен болған­ аурулар және созылмалы аурулардың асқынуы, бақытсыз жағдайлар, жара­қаттар, уланулар, жүктіліктің және босану­дан кейінгі асқыну жағдайлары.

2. Науқастарды емдеу профилактикалық мекемелерге тасымалдау.

3. Табиғат, төтенше жағдайлар, жол апаттарын жоюға белсенді араласу.

Негізгі  талаптары:

1. Тәуліктің барлық уақытында ЖМЖ-ге тұрғындардың толық қолы жетуі.

2. Ауруханаға дейінгі түрлі медициналық қызметтің шапшаң, әрі дер кезінде­ көрсетілуі.

3. Барлық санаттағы жарақаттан­ғандар мен науқастарға қажетті ЖМЖ көлемін көрсету үшін жоғарғы білікті медициналық мамандармен қамтамасыз  етілуі.

4. Нақтылы медициналық мекемелерге кідірусіз жатқызуды қамтамасыз ету.

5. ЖМЖ-мен жеткізілген жарақаттанғандар мен науқастар аурухананың қабылдау бөлімінде шұғыл қаралып, қажет болса, ауруханада бос орынның бар-жоғына қарамастан жатқызылады.

6. Аурухананың  қабылдау  бөлімінде ЖМЖ 10 минуттан артық кідіруге немес­е кідіртуге болмайды. (Науқас немес­е жарақаттанғандарды ауруха­наның  кезекш­і дәрігеріне өткізетін уақыт).

Шұғылдылық:

Сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен болған барлық шұғыл пато­ло­гиялық жағдайларды жою және оларды ауырлық дәрежесіне қарай тез арада анықтау және ем шараларын жүргізу.

Шұғыл  жағдайлар:

Адам денсаулығын күрт нашарлатып және өміріне қауіп төндіретін ағзадағы патологиялық өзгерістер.

Бұл кезде күттірмейтін шұғыл емдік шараларды жүргізу қажеттігі туындайды.

Шұғыл көмекті қажет ететін пато­логиялық  жағдайлар:

1. Жедел медициналық жәрдемсіз өлімге әкелетін өмірге қатер төнуі жағдайлары.

2. Өмірге қаупі жоқ, бірақ патоло­гиялық жағдайға байланысты, түрлі уақытта қатер төнуі мүмкін.

3. Өміріне қаупі жоқ, бірақ науқастың  қасіретін жеңілдету.

4. Науқас өміріне қауіп жоқ, бірақ айнала қоршаған адамдарды сақтан­дыру  үшін  көмек  қажет.

ЖМЖ  дәрігерінің  жауапкершілігі:

1. ЖМЖ дәрігері заңмен қарастырылған тәртіп бойынша жауапты.

2. ЖМЖ жұмысын ЖМЖ дәрігерлері үшін бекітілген салалық өлшемдерге, ережелер мен стандарттарға сәйкес сапалы ұйымдастыруға.

3. Науқастың денсаулығына нұқсан келетін немесе оның өліміне әкелетін құқыққа қарсы әрекеттер мен әрекет­сіздіктерге.

ЖМЖ  шақыртылу  тәртібі:

ЖМЖ телефон немесе өз бетінше шақыртылуы мүмкін.

ЖМЖ ЖМК көрсету үшін келесі жағдайларда  жіберіледі:

1. Төтенше жағдайларда.

2. Өмірге қауіп төндіретін кенеттен болған ауруларда.

Келесі  жағдайларда  көмек  көрсетіп, арнайы  медициналық  мекемелерге  тасы­малд­айды:

1. Босану және жүктілік ағымының асқынуында.

2. 1 жасқа дейінгі балаларға.

3. Жіті және денсаулығының күрт нашарлап кетуіне байланысты әртүрлі созылмалы аурулардың асқынуында.

4. Емдеу дәрігерінің шақыртуымен денсаулығына қарай, зембілмен, санитарлы автокөлікпен тасымал­дауды қажет ететін жол-жөнекей медицина­лық көмек қажет ететін науқаста­рға.

Ауруханаға жатқызу үшін тасы­малдау:

1. Емдеу дәрігерінің шақыртуымен жіті жарақаттануларда, жіті хирургиялық, акушер-гинекологиялық ауруларда. Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларында жол бойы медициналық көмекті қажет ететін және зембілмен тасымалданатын жағдайларда.

2. Ауыр жағдайдағы жұқпалы ауруларды жұқпалы аурулар ауруханасына.

3. Жоспарлы түрде ауруханаға жолдама алған науқастарды, егер жағдайы санитарлық көмекті қажет етсе.

Әлқисса, қандай  міндеттері бар  екенін  білдік. Жиналысқа немесе жеке шаруаға пайдалануға еш негіз жоқ. Сонда­ бекітілген ережені белінен бас­қаны­ ғой. Түсінбедік, елдің иесі қайда? Ауыл  әкімінің  жұмысы от жағушыларды  тексеру  ғана ма?

Құрметті қоғамдық кеңес мүшелері мен ауыл әкімі, бұл – ел аузында айтылып, наразылық туғызып жүрген жағдай. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген, бұл мәселе шешімін таппай, алға басу қиын. Көп жағдайда біреудің өзі, біреудің көзі жақсы дейміз. Биліктегілерге келсек, «бақсыға айтып бақ­тыртам, балгерге айтып қақтыртам» деумен­ сиырқұйымшақтанып жоқ болады.­ Ал сондағы нәтиже қандай: «баяғы  жартас – бір  жартас».

Қорытындылай келсек, емделуші де өз денсаулығына жауапты болуы абзал. Яғни адамның өз денсаулығына салғырт қарауы да қателікке әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Мысал келтірсек, емделушілердің аурудың нақты белгілерін жасыруы, немесе өз-өзін емдеумен айналы­суы... Соған қоса тағы бір негізгі мәселе бар. «Дәрігер-емделуші» қатынастарында  құқықтық  сауаттылықтың орны ерекше. Егер емделуші өз құқық­тарын жеткілікті білсе, ол өз денсаулығына қатысты барлық тиісті қызметті талап етер еді. Мүмкін осындай жағ­дайда ғана көптеген қайғылы қателіктер  болмас  еді.

 

Бұл мәселе шешімін таппаған жағ­дайда, жоғарғы тұрған құзырлы орган­дарға, әлеуметтік  желіге, аймақ басшысы  Қырымбек Елеуұлына, облыстық ден­саулық басқармасының басшысы Ақмарал­  Шәріпбайқызына   жолдана­тын­дығы  ескертіледі.

Жанқожа  батыр  ауылының

бір  топ  тұрғындары,

Қазалы  ауданы


 

 

РЕДАКЦИЯДАН:  Аталмыш хат газетіміздің электронды поштасы­на  келіп түскеннен кейін, әдепкіде нақты бір адамдардың аты-жөндері көрсетіліп, қолы қойылмағандықтан, бейтарап қалуға тырысып едік. Бірақ, тиісті орындар мәселеге мән беріп, құлақ аспағаннан кейін соңғы үміті ретінде БАҚ-қа арқа сүйеп, пана іздейтінін ескеріп, хат мәтінін барынша өзгертпей, сол күйінде бергенді жөн санадық. «Халық» газетіне үміт артып, жолдаған хатында: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демей ме? Айып етпессіз, елдің арасындағы ренішін ашығынан жеткізейін. Бұл мәселе ауыл әкімшілігі ұйымдастырған жергілікті қоғамдық кеңес отырысына ұсынылды. Халық алдында оқып беру сұралды. Алайда ауыл әкімінің бұл мәселені жасырып қалғаны қалай? Ауыл тұрғындарының жанай­қайы емес пе? Оны қараусыз қалдырғаны несі? Тура бидің бүйрегі басқа жаққа бұрғаны ма, ханның алдында қара халық тартынб­ай сөйлеу керек дегендері қайда? «Ханның сөзін қара да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ» деген рас болғаны ма? Ауыл халқы­ атынан жазылған өтініш қараусыз қала бере ме? Анығына үңіліп көрерсіз, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін» депті.

Ендеше, бір топ ауыл тұрғындары көтеріп отырған мәселеге тиісті орындар атүсті қарамай, оңтайлы шешім қабылдайды деп ойлаймыз. Сондай-ақ, қарсы тараптың уәжі болса, тыңдауға, басылым­ бетінен орын беруге дайын екенімізді де айта кетейік.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары