Өзекті мәселелер

  • 19.04.18

    ӨМІР   СОҚПАҒЫ...

    Жол – экономиканың күретамыры, тіршілік ізі. Қала ішіне қамшының өрі­міндей таралатын сол жолдардың  қазіргі  жағдайы  қандай?

    Көктем бастала салысымен Қызылорданың орталық көшелері ғана емес, шетаймақ жолдарына да жан біте­тіні бар. Қазіргі күні қала бо­йынша ұзындығы 619 шақырымды құрайтын 766 көше бар. Оның 503,2 ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Жақында үйге туыстарымыз келіп, кішкентай бүл­діршіндермен оңаша қалып, бала да болса әңгімеге тарттым. Сөйтіп «Кімге еліктейсіңдер?»  деп  сауал  тастадым. Сонда 8 жастағы інім «Бэтмен», «Өрмекші адам», «Халк», «Темір адам», «Флеш» секілді шетел мульт­фильмдерінің басты кейіпкерлерін тізбектей жөнелді. Арасында бірде-бір қазақ батырл­арының есімі жоқ. Онысымен қоймай, сол кейіпке­рлердің өзіне...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    «Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса­, сұлулықты ит те сезеді». Жазушылық жылнамасында әйел, ана тақырыбына ең көп қалам сілтеген талантты жазушы Ғабит Мүсірепов осылай депті. Иә, сұлулықты кім жақсы­ көрмейді, сұлулық кімге билік жүргізбеген десеңізші? Бота көзді, шие ерінді, үріп ауызға салғандай сұлу! Қыздардың осы сипаты қазір бар ма? Әрине, бар. Бірақ көзін линза арқылы қ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Қаржы және қоғам

    - Бұрын бәрін кадр шешкен деседі. Осы рас па, әлде өзгенің бе өсегі?

    - Иә, қазір қоғам емес кешегі, қаржы бәрін шешеді... Қысқартады, кеседі. Өшіреді, өседі... Қаржысы жоқ қасқаның маңдайда соры бес елі.

    - Сонда кадр ешнәрсе шешпей ме?

    - Жоқ, ол да аз-маз шешеді. Қаржың болса қалтаңда,...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    МЫҚ  ШЕГЕ  ҚАЙДА?

    Профессор  Темірбек

    ҚОЖАКЕЕВ  рухына Толығырақ...

ҚАРМАҚШЫНЫҢ ҚАДАМЫ ҚАРҚЫНДЫ
15.03.2018 10:39

Шағын және орта кәсіпкерлікті аймақтық дамыту, ең алдымен, өндірістік секторды көтеруге, жаңа жұмыс орындарының санын көптеп құруға бағытталады. Мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар қабылданып, жеңіл пайызбен несие беріп отырғаны осының айғағы. Аймақтарда шағын кәсіпкерлікті дамыту тек халықты жұмыспен қамтамасыз етіп ғана қоймай, олардың әлеуметтік, рухани, экономикалық іргелі мәселелерін шешуге ықпалын тигізеді. Осы ретте еліміздегі «Бизнестің жол картасы – 2020», «Бастау Бизнес» және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» сынды бағдарламалар кәсіпкерлік саласының жүйелі жүзеге асуына ықпал етіп келеді. Мемлекеттен қолдау тауып, кәсібін кеңейтіп, халыққа қызмет етіп, жаңа жұмыс орындарын ашып отырған қармақшылық кәсіпкерлердің жұмысымен танысу үшін ауданға арнайы ат басын бұрдық.

 

КӘСІБІНІҢ   КӨКЖИЕГІН   КЕҢЕЙТТІ

 

Тәуелсіздік  алғаннан кейінгі бесжылдықта еліміз­де­ кіші кәсіпкерлікті қолдау бойынша мем­лекеттік деңгейде бағдарламалар іске косылды. Сол кезеңде өз мүмкіндігін жіберіп алмай, кішігірім кәсібін бастап­ кеткендер бүгінде кәсібінің көкжиегін кеңейтіп келеді­. Өткен жылы қаржы ұйымдары тарапын­ан аудандағы 330 жобаға 1093,5 млн теңге жеңілде­тілген несие берілген. Оның ішінде «Бизнес­тің  жол  картасы – 2020»  бағдарламасы бойынша 233,5 млн теңге­нің 15 жобасы жүзеге асырылды. Баспасө­з турын жосал­ылық кәсіпкер Марал Тілегено­ваның «Марал» сұлулық салонынан бастадық. Кәсіпкер ең алғашқы қызметін 1995 жылдан бастаған,­ халыққа қызмет көрсету мақсатында аудан орталы­ғынан жер сатып алып, сол жылы шаштараз ашып, жеке  кәсіпкер  ретін­де  тіркелген. 2007 жылы кәсібін кеңейту  мақсатында ерлер мен әйелдерге арналған сән салоны ретін­де қайта жаңғыртылып, сол кезеңде 4 адамды жұмыспен қамтыған. Қазіргі таңда мемлекет  тарапынан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай­ кәсіпкер­лікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған бағ­дарламасы» аясында Қармақшы ауда­нында «Марал» сән салонын ашқан. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті  қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарлама­сы шеңберінде жеке кәсіпкер былтыр мемлекет тарапынан 5 миллион теңге алып, қазіргі таңда шаштараз ғимаратының құрылысын қайта жаңғыртып, заманауи үлгідегі құрал-жабдық­тармен жабдықтаған. Жеке кәсібімен 23 жыл бойы айналы­сып келген ол бүгінгі таңда 9 адамды жұмыссыздықтан құтқарып отыр.

Кәсіптің көзін тапқанға бүгінде мүмкіндік мол. Бар болғаны жүйелі жоба мен өз бойыңдағы ынта-жігері қажет. Кәсіпке ынта қойған жосалылық Қайырб­ек Әбенов былтыр қыркүйек айында «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан 3,5 миллион теңге несие алып, «Маржан» жарнама орталығын ашқан. Алматы қаласынан «Infinite» баспа құрылғысын 3 миллион теңгеге сатып алып, қалған қаржыға компьютер, түрлі бояулар секілді өзіне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған. Орталық қазіргі таңда түрлі стендтер, кез келген көлемдегі билбордтар, мекеме паспорты, ксерокөшірме, мекеме атаулары, түрлі форматтағы суреттер, сондай-ақ арнайы­ шақыру билеттерін шығарумен айналы­сады. Мұнда бүгінде бір ғана адам жұмыс істеуде. Кәсіпкердің алға қойған мақсаты – баспахананы ұлғайтып, соның жемісін көру. Айтпақшы, жас кәсіпкердің Тұрмағанбет ауылында шағын шаруа­шылығы  бар. Ол жақтағы мал басын да көбейтіп, шаруа­шылықтың  тың  түрлеріне түрен салу жоспарымда бар  дейді  ол.

 

 

ХАЛЫҚ   КӘСІПКЕРЛІК  САЛАСЫНДА  БЕЛСЕНДІ

 

Өткен жылы мемлекеттік бағдарламаларды ұйымдастыру және іске асыру мақсатындағы мемлекеттік гранттар беру компоненті бойынша Қармақшы ауданын­ан 54 жоба 2 конкурсқа қатысып, нәтижесінде 16 жоба 10,8 млн теңгенің грантын ұтып алған. Сондай­-ақ, 2017 жылдың қараша айында жеке қаражат есебінен жеке кәсіпкер Гукчак Рагибова ІІІ Интер­национал ауылының тұсынан «С» санатты қызмет көрсету орталығының құрылысын аяқтап, іске қосты. 350 млн теңгені құрайтын бұл жоба 18 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ, Ақай ауы­лындағы «МеаПрим» ЖШС-нің күріш дәнінен тағам түрлерін дайындау жобасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 8 млн теңгемен қаржыландырылған. Ашылғанына әлі жыл тола қоймаған өндіріс  орнында  5 адам тұрақты жұмыс істеп жүр.

Жаңа жұмыс орындарын шағын кәсіпкерлік пен бизнес арқылы қалыптастыру халықты кәсіпкерлік қызмет саласына да белсенді түрде тартуға мүмкіндік береді. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыт­у  үшін  нақты іс-шараларды  дайындаумен  қатар,  алдағы жылдардағы  оның даму стратегиясын үкімет  әзірлеуі  тиіс.

 

 

МАМАН   ЖЕТІСПЕЙДІ

 

Қармақшының экономикалық тыныс-тіршілігімен танысудың бастамасы жаман болған жоқ. Одан ары аудан халқының денсаулығына жауапты мекеме саналатын аудандық емханаға бас сұқтық. Бас дәрігер Ж.Құдайбергеновтың айтуынша, «Жол картасы» бағдарлам­асы  аясында  аудандағы емдеу мекемеле­рі­нің техникалық базасы жаңа технологиялармен жабдықталған. Оған дәлел ретінде 3 жаңа жедел жәрдем көлігінен бөлек жалпы құны 80 миллионнан асып жығыла­тын «HAMILTON», «ISOLETTE», «MOT 6000», «ТІ 500 Сlobe Trotter» инкубатор аппараты секілді 8 қондырғы сатып алыныпты. Бұл құрылғылардың өзіндік қызметтері бар. Пайдалануға берілгелі жөндеуден өтпеген аудандық орталық аурухананың кәріз жүйесі жаңартылып пайдалануға берілсе, ауызсу  мен  жылу  мәселесі  жуық арада шешімін табады­ деп күтілуде. Сондай-ақ, Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылында орналасқан аудандық орталық­ аурухана құрылымдық бөлім ғимаратына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төребай би ауылындағы медициналық пункте типтік жобадағы ғимарат салынып, пайдалануға берілген. «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ» демекші, қазіргі күні ауданда акуше­р-гинеко­лог маман тапшы. Бас дәрігердің айтуын­ша,  2016-2019  жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясында мамандары бар меди­циналық кешен елді мекендерді аралап жүр. Бір сөз­бен  айтқанда, 2017 жыл аудандағы денсаулық сақтау саласы  үшін  табысты  болған.

 

 

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ   ӘЛЕМДЕ   БАР

 

Жұмыссыздық жайы бүгінде тек біздің елді ғана емес, бүкіл әлемнің өзекті мәселесіне айналып отыр. Бұл түйткілді түбегейлі шешу үшін мемлекеттік бағдарла­малар  орындалып  келеді.

Ал аудан бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды­ және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған  бағдарламасы» аясында был­тырғы  жылы  394 адам қайта даярлау курсынан өткен. Ал  бұл  бағдарламаға  қатысу  үшін жыл басынан бері 4 мыңға жуық адам өтініш берген. Оның 3595-і – жұмыссыз.

- 2017 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыз жүрген адамдардың 878-і тұрақты жұмысқа орналас­қан. Олардың ішінде мүгедектер – 29, жазасын өтеп келгендер мен пробация есебінде тіркеуде тұрған азамат­тар – 10, 16-29 жасқа дейінгі жастар – 246 және Байқоңыр қаласын қосқанда барлығы 878 адам бүгінде жұмыспен қамтылып отыр. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында бүгінге дейін 12 мәрте бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілген. Жалпы, жылдық­ жоспар 100 пайызға орындалды, - дейді Қармақш­ы  ауданы жұмыспен  қамту  орталығының  директоры  Данияр  Ахметов.

Қармақшы  ауданындағы  жобалардың  жұмыс  істеу қарқыны тың әрі тыңғылықты. Кәсіпкерлер де өздерінің кәсібін кеңейтіп, халыққа қызмет етуді жоспарл­ап отыр. Ал халықтың жұмыс істеуге деген белсенділігі де бөтен емес. Аудан экономикасының қарқыны осы бағыттан таймаса, еліміздің сатылап дамуы­на қарыстай болса да көмегін тигізетініне сенімдіміз.

Ердәулет   КӘКІМЖАНОВ,

Қорқыт  ата  атындағы  ҚМУ-дың  4-курс  студенті

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары