Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1029
mod_vvisit_counterКеше3229
mod_vvisit_counterОсы аптада17342
mod_vvisit_counterӨткен аптада23337
mod_vvisit_counterОсы айда75345
mod_vvisit_counterӨткен айда98828
mod_vvisit_counterБәрі2277207


Өзекті мәселелер

  • 22.06.17

    Өткен аптада облыстық прокуратура және «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация қызме­тімен бірлесіп, үйлестіру кеңесінің мәжілісін өт­кізді. Онда облыс прокуроры Х.Дәуешов өңір­дегі ұрлық қылмыстарымен күрес туралы айтып, дәйекті деректерга тоқталды. Оның айтуынша, осы жылдың наурыз айын­да ұрлықпен күрес жағдайы өкілетті мемлекеттік органдар мен кә­сіпкерлік палатасы басшыларының  қатысуымен облысы...

    Толығырақ...
  • 22.06.17

    Биыл, міне, мектеп бітіруші түлектер 14-ші рет тестілеу тапсырып жатыр. Бірақ, бұрынғыдан өзгерек­, жаңа форматта. Жыл бойы «жыр» болған бұл тестілеудің «сыры» неде? Алдыңғы сынақтан қандай айырмашылығы бар? Тағы бір естеріңізге салайық. Түлектер тестілеуді Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы мен таңдау пәні негізінде 2 бейінді пәннен тапсырады.­ Максималды балл – 140. А...

    Толығырақ...
  • 22.06.17

    Ғажабы мол ғаламдағы, әсемдігі мол әлемдегі әрбір адам, әрбір пенде ата-анасымен қоса ұстазына да қарыздар. А.Македонский Аристотель хақында: «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін, себебі әкем өмір берсе, ұстазым сол өмірді қалай сүру керектігі туралы білім берді» деген екен. Мен де ұстаздарымның үлгі-өнегесін, тәлім-тәрбиесін, ол кісілерден көрген-білгенімді, жиған-тергенімді ғұмырлық өлш...

    Толығырақ...
  • 22.06.17

    «Таудан тірегі бардың тастан жүрегі бар». Расында адамның арқасүйері, панам деп сенім артар қорғаны болса, кез келген қиындықты жеңіп, тағдырдың қатал сындарынан сү­рінбей өтеді. Біздің бар бақытымыз, жақұтымыз, «аман бол» деп тілейтін тірегіміз, ол – отбасымыз. Оның алтын діңгегі әкеміз бен анамыз болатын. Қара шаңырақтың шамын сөндірмей, құтын қашырмай, ұрпағына тәлім-тәрбие беруде жаңылыс қа...

    Толығырақ...
  • 22.06.17

    Жанымның жарасын жырыммен емдегенім­мен, жазмышқа  жалтара қарауды­ сол сәттен бастап іске алғысыз еттім. Мен өршілдікті, батылдықты соңғы бір-екі айдың ішінде тез-ақ үйреніп алдым­. Сенің арқаңда!

    ...
    Толығырақ...
ӨМІРДІҢ ӨЗІ – САБАҚ
08.11.2012 10:50

«Қамшының сабындай қысқа өмір неге арпалыспен өтеді?» деген сауал мені еріксіз ой түбіне жетелейді. Барлығымыз адамға өмірдің бір-ақ рет берілетінін жақсы біле­міз. Бес күндік ғұмырдың мәнді өтуі байлық пен мансапта деп түсінетіндер өмір­дің қалай өткенін білмей қалады. Бұл, әрине, «қанағат қарын тойдырады» деген мәтелді ескермейтіндер. Тіпті о дүниеге ешқандай байлықты алып кете алмайтынын біле тұра, дүние мансап үшін қырық пышақ болатындарға таңым бар.

Бес саусақтың әртүрлі бола­тынындай, адамдардың да тұрмысы түрліше. Жаратушы біреуге бармақтай бақ берсе, енді біріне шексіз байлық берген. Енді біріне қажымастай қайрат берді. Қолда бар алтынның қадірін білгендер өмірін мәнді өткізуде. Керісінше, кейбі­реулер тағдыр дейміз бе, әлде тәңірдің жаз­ғаны солай ма, өмірден баз кешіп өтеді. Жақында өзін адам ретінде сезінуден қалған бір бикеш өз сырымен бөлісті.

 

Түсінікті болуы үшін әңгімені басынан бастайын. Бірде Ақтөбе-Алматы пойызынан құрбымды күтуге теміржол вокзалына бардым. Пойызға дейін біршама уақыт бар екен. Содан күту залын бетке алдым. Орындыққа жайғасып, жан-жағыма көз тастай бастадым. Бір шеткі орындықта орта жастағы келіншек отыр екен. Түрінен әбден қиыншылық көргені көрініп тұр. Әркімге бір жәутеңдеп, аласұрып отыр. Жанына­н өткен саудагерден тіс басар бірдеңе сұрап еді, ол айқайға басты. Жаңағы әйелдің бұл күндегі кәсібіне айналған сыңайлы. Сондықтан ешкімнің де бұрылып қарағысы жоқ. Содан ептеп­ қасына жақындап, «апа, қарныңыз аш па?» дедім. Ол мұндай мейірімділікті күтпеген болуы керек, сасып қалды. Жәй жымиып, «иә» деді. Апаны ертіп, асханаға апардым. Қарны тойған соң, жүзі жадырай бастады. Бір кезде көзіне еріксіз жас алып, біразға дейін мауқын баса алмай­, «мейірімсіз жандар бұл дүниеде қалма­ған шығар деп жүргенмін» деп әңгімесін бастады. Ол кісі қоғамға, адамдарға, өзіне рен­жул­і. «Жүрегінде иманы бар адам кезіккеніне қуанып отырмын. Саған қарап жастық шағым есіме­ түсіп кетті. Мен де көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге тырысып бағатынмын. Кейбір құрбыларым «таспен ұрғанды аспен ұр» деген мәтелді керісін­ше пайдаланатын. Сонда қатты таңғалатынмын. Сөйтсем, өмірдің қиыншылығы қатыгезг­е айналдырады екен» деп көз жасын тағы бір сығып алды.

Әңгіменің ауанынан аңғарғаным, бұл апа бір үйдің ерке қызы болып­ өскен. Әке-шешенің арқасында «не кие­мін, не ішемін» деп жанын қинамаған. Бірақ қазақы салтпен, «қызды қырық үйден тыю» деген­ қатаң тәрбиемен өскен. Соның арқасы болар, қарапайымдылық, инабат пен ибалықты да осы апаның бойынан табасыз. Сұлулығын сөз ету өз алдына бір бөлек әңгіме. Қазіргі қажыған түрінің өзінен бұрын көрікті болғандығы байқалады. Бикеш­тің сұлулығына таңданбаған жігіттер кемд­е-кем. Апамыз сол кездері өз бақытын дұрыс таңдамағанына налиды. Бір жігіттің «бақытты қыламын» деген сөзіне иланып, соның етегіне еріп кете берген. Тұрмыс құрған алғашқы жылдары бұл отбасы өзгеге үлгі боларлықтай көрін­ген. Отағасы бес уақыт намазын қаза жібермейтін. Солай ете тұра кейін түрлі мінез шығара бастайды. Әйелін кім көрінгеннен қызғанып, тіпті үйден шығуына рұқсат бермей қояды. Бұл қиыншылықты жеңуге көмекші болады деген қызы бір жасында шетінеп кетеді. Одан кейін бала да көтере алмай қалады. Бұған жыны қозған­ отағасы әйелін күнде тепкінің астына алған көрінеді. Осындай қиыншылықпен өткен күннің бірінде отағасы ажырасатындығын айтып, әлгі келіншек жападан-жалғыз қалады. Бұл кезде­ өзінің де әке-шешесі өмірден өткен болатын. «Барар жер, басар тауы қалмаған» келіншек тағды­рына мойынсынғысы келмейді. Содан бала-шағалы бір ер кісіге қайта тұрмысқа шы­ға­ды. Оның әйелі ертеректе қайтыс болған. Бала­лары шеше ретінде қабылдағысы жоқ болса да, бұл жерде 10 жылдай өмір сүреді. Кейін бұл күйеуі қайтыс болып, балалары үйден қуып шығад­ы. Осыдан кейін тауы шағылған келіншек кім үшін өмір сүріп жүргенін өзі де білмей, басын­ тауға да, тасқа да ұрып жүрген жайы бар. Ол өз өмірін сабақ етіп, маған ақыл-кеңестерін айтты. Осы жерде «Құйрығы шаян, беті адам, Байқамай сенбе құрбыға! Жылмаңы сыртта, іші арам, Кез болар қайда сорлыға» деген Абай атамыздың өлең жолдары еріксіз ойыма түсті. Сол күннен бастап қатты ойланатын болдым. Осыған дейін мен өмірде ақшаң болған маңызды дейтінмін. Енді бұл пікірден аулақпын. Бармақтай болса да бағың болмаса, бәрі бекер екен. Өмірде дұрыс жол таңдай білейік.

Г.МОЛДАХМЕТОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2012 >
      1 2 3 4
5 6 7 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары