Өзекті мәселелер

  • 20.09.18

    Биыл облыс экономикасының бәсі жоғарылайтын, негізгі көрсет­кіштердің көбеюіне қолайлы жыл. Өндіріс ошағына айналмағанымызбен, өнім өндіру мен экспорттауда алдыңғы қатарда тұрғанымыз рас. Өңірімізде соңғы жылдары көптеген зауыттар мен өндіріс ошақтары салынуда. Солардың қатарында молибден өндіру, балық өңдеу, цемент және шыны зауыттары да бар. Әрине, бұл төртеуі де – аймақтық индустрия­ландыру ...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    КӨНЕ  ҚАЛА  мен  ЖАҢА  ҚАЛА

    Біздің дәуірімізден әрі асатын шежіре-тарихы бар Сақтар мәдениеті көм­бесінің бір бөлігі Сыр бойында жатыр. Ашық аспан астында ата-баба аманатын арқалап, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-VІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Шірік-Рабат, Бәбіш молда, Бұланды, Сығанақ тарихи-мәдени ескерткіштері бүгінде көздің қарашығындай мемле...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Ұшы-қиыры жоқ ну орман жым-жырт тыныштық құшағында мүлгіп тұр. Желмен тербелген зәулім талдар­дың жапырағынан күн көзі зорға көрінеді. Айнала өзгеше, рақат күйге бөленгендей. Табиғаттың дәл осы сәттегі ана уызына тойып маужыраған нәресте тектес кейпіне қарап маңай­да қанды қырғын соғыс жүріп жатыр десе, сенбес едіңіз. Алайда амал қан­ша?! Бірін-бірі жыртқыштан бетер жұлмалап, қыршын боздақтарды...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Тағдыр тауқыметі болар, Аяулым анасынан ерте айы­рылды. Бар-жоғы 7 жасында ең ардақтысынан көз жазып қалды. Әкесі мен әжесі шешесін жоқтатпаса да, періште көңіл ананы аңсап тұрады емес пе? Күніге кешкілік жатар алдында ақ сүтін беріп аялаған аяулысының қойнында ұйықтайтын сәттерін еске алғанда, көзіне еріксіз жас келе­тін. Бала ғой. Енді ғана мектепке­ барды өзі. Сыныптастарын аналары әкелгенде...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Леннокс Льюис, аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы:

    - Жекпе-жек тең болды деген ойда едім, бірақ Головкин мықтырақ көрінді және екі раундта басым болғандай. Екі боксшы да барлық күшін рингте сарп етті! Жеңісті екеуіне де беруге болатын раундтар болды. Тамаша жекпе-жек! Ең мықты екі боксшыны да көрдік. Екеуін де сыйл...

    Толығырақ...
Жұқпалы аурулардың алдын алу маңызды
28.09.2016 15:36

Өңірімізде 2010-2014 жылдары адамдар арасында құтырма ауруының 8 жағдайы тіркелген. Соның барлығы өкінішке орай өлім жағдайымен аяқтал­ған екен. Ал соңғы екі жылда ауру тіркелмесе де, жарақат алғандар саны былтырғымен салыстырғанда  артқан. Бұл туралы Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ұ.Аханаева БАҚ өкілдерімен өткізген брифинг барысында мәлімдеді.

– Өңірімізде  жануарлардан  жарақат алған адамдар саны жоғары деңгейде тұрақтануда. Ағымдағы жылдың осы күніне дейін жануарлардан жарақат алған 2618 жағдай тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 есеге өсіп отыр,- деді.

Індеттің алдын алу мақсатында 39,6 млн теңге бөлінген. Аталған қаржы қаңғыбас иттер мен мысық­тарды  аулауға  жұмсалып  жатыр.

Биылдың өзінде (9 айда) 18821 бас ит пен мысық ауланып жойылды. Әлі де жойылуды қажет ететіндері бар. Өйткені облыс бойынша 54297 иттің тек 22083-і, 17659 мысықтың 3020-сы ғана паспорт­талған,- деді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Марат Ойнаров.

Бұл орайда әр адам үй жануарларын ұстау ережелерін жауапкершілікпен орындаса, жарақаттанудың алдын алуға болады. Ал жарақат алып қалған жағдайда дер кезінде тиісті антирабиялық егу  жұмыста­ры  жүргізіледі.  Антирабиялық вакци­на­ мен иммуноглобулин препараттары барлық облыстық­ медициналық мекемелерде жеткілікті мөлшерде қамтылған. Сондықтан да қандайда бір жануардан жарақат алсаңыз, қауіптілігі жоғары құтырма ауруының алдын алу үшін дер кезінде ауруханаға қаралыңыз. Ал оған дейін жарақат алған жерді кір сабынмен жуу қауіптің бетін қайтаруға көмектеседі.

“Сыр медиа” ЖШС жанындағы облыстық коммуни­кация орталығында Халықаралық құтырмамен күрес күні қарсаңында өткен брифинг барысында күз айларында қоздырғышы жоғарылайтын тұмау ауруы мен онымен сырқаттану қаупі жоғары тұлғалар арасында вакцинациялау тақырыбы да сөз болды. Әлемде ең көп таралған аурулар тобына жа­тат­ын тұмауға қарсы вакцинациялау ең әуелі қауіпті топтарға жататын кісілерге жүргізіледі. Олар – жүкті әйелдер, 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалар, 65 жастан асқан қарт адамдар, созылмалы аурулармен ауыратын адамдар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері. Қазірдің өзінде егу жұмыстарына қажетті вакциналар толығымен алынып, емхана­ларға жеткізілген. Биылдан бастап бірінші рет Ресей­ден әкелінген вакциналар тұмаудың алдын алудағы тиімді дәрмектер болмақ. Бұл вакциналар жайлы №1 емхананың инфекционист дәрігері Марал­  Желібаева:

Тұмауға қарсы вакцина 60 жылдан аса қолданылуда. Мәліметтерге сәйкес, дені сау ересектер арасында  тұмауға  қарсы  вакцинация  аурудың 70-90 пайызға дейін алдын алуға көмектеседі. Ал қарт адамдар арасында 60 пайызға дейін аурудың асқыну­ының  алдын  алса, өлім-жітім оқиғасын  80  па­йызға  дейін  төмендетеді,- деді.

Бұл ретте әрбіріміз тұмауға қарсы вакцина салып,­ аурудың  асқынуына  жол  бермегеніміз  жақсы­. Қазіргі күні вакцина бағасы 800 теңгені құрап отыр. Былтыр бұл баға 2500 теңгеге дейін көтерілген  болатын.

Жансая   ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2016 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары