Өзекті мәселелер

  • 20.09.18

    Биыл облыс экономикасының бәсі жоғарылайтын, негізгі көрсет­кіштердің көбеюіне қолайлы жыл. Өндіріс ошағына айналмағанымызбен, өнім өндіру мен экспорттауда алдыңғы қатарда тұрғанымыз рас. Өңірімізде соңғы жылдары көптеген зауыттар мен өндіріс ошақтары салынуда. Солардың қатарында молибден өндіру, балық өңдеу, цемент және шыны зауыттары да бар. Әрине, бұл төртеуі де – аймақтық индустрия­ландыру ...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    КӨНЕ  ҚАЛА  мен  ЖАҢА  ҚАЛА

    Біздің дәуірімізден әрі асатын шежіре-тарихы бар Сақтар мәдениеті көм­бесінің бір бөлігі Сыр бойында жатыр. Ашық аспан астында ата-баба аманатын арқалап, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-VІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Шірік-Рабат, Бәбіш молда, Бұланды, Сығанақ тарихи-мәдени ескерткіштері бүгінде көздің қарашығындай мемле...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Ұшы-қиыры жоқ ну орман жым-жырт тыныштық құшағында мүлгіп тұр. Желмен тербелген зәулім талдар­дың жапырағынан күн көзі зорға көрінеді. Айнала өзгеше, рақат күйге бөленгендей. Табиғаттың дәл осы сәттегі ана уызына тойып маужыраған нәресте тектес кейпіне қарап маңай­да қанды қырғын соғыс жүріп жатыр десе, сенбес едіңіз. Алайда амал қан­ша?! Бірін-бірі жыртқыштан бетер жұлмалап, қыршын боздақтарды...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Тағдыр тауқыметі болар, Аяулым анасынан ерте айы­рылды. Бар-жоғы 7 жасында ең ардақтысынан көз жазып қалды. Әкесі мен әжесі шешесін жоқтатпаса да, періште көңіл ананы аңсап тұрады емес пе? Күніге кешкілік жатар алдында ақ сүтін беріп аялаған аяулысының қойнында ұйықтайтын сәттерін еске алғанда, көзіне еріксіз жас келе­тін. Бала ғой. Енді ғана мектепке­ барды өзі. Сыныптастарын аналары әкелгенде...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Леннокс Льюис, аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы:

    - Жекпе-жек тең болды деген ойда едім, бірақ Головкин мықтырақ көрінді және екі раундта басым болғандай. Екі боксшы да барлық күшін рингте сарп етті! Жеңісті екеуіне де беруге болатын раундтар болды. Тамаша жекпе-жек! Ең мықты екі боксшыны да көрдік. Екеуін де сыйл...

    Толығырақ...
Сібір жарасы Сыр елінде соңғы рет қашан тіркелді?
07.07.2016 11:44

Осы бір айдың көлемінде Қарағанды облысының Еркіндік ауданында екі тұрғын сібір жарасы індеті бар ауру малды сойып, етін сатқанын тегіс ел естіді. Соның салдарынан тоғыз адам аурухана төсегіне таңылып, оның екеуі көз жұмды. Біршама адамды әуре-сарсаңға салған жағда­й еліміздің Үкіметбасы Кәрім Мәсімовтің де назарын аудартты. Тіпті  бүгінде ауруды жұқтырған адамдарға уақытылы ем-дом жүргіз­беген дәрігерлердің жауапкершілігі қаралу  үстінде.

Тыныш отырған бір облысты тыпыр­латқан бұл не қылған кесел? Ауруда шекара болмайтыны секілді, бұл аурудың біздің өңірге тигізер қаупі қаншалықты? Алдымен соны саралап  алсақ.

Сібір жарасы малдың қанында, зақымдалған барлық мүшелері мен тіндерінде, нәжісінде кездеседі. Қоздырғыш малдың өлім алдындағы серозды сұйықтығында көп болады. Микроб сыртқы ортаға төзімді, тығыз­ қабықшамен қапталған спора түзеді. Бұл спора тасбақалардың жоғары­ қабаты секілді қорғаныштық қабілетке ие. Егер спора ашық қалса, онда микроб дереу орнығып алады.

Айта кететіні, Сібір жарасының негізгі атауы түйнеме деп аталады.

Аталмыш індетке мүйізді ірі қара, ешкі, жылқы, бұғы, түйе секілді жануарлар жақын келеді. Біз сөз етіп отырған сібір жарасы таяқшасы малдың спора ағзасына түсіп, көбейеді. Одан соң қан арқылы тарап, екі-үш күннен кейін ауру тудырады. Індет жануарға тыныштық таптырмайды. Ішекті кепкізіп, қызуды көтертеді. Зәрі мен сүтінен қан көрінеді. Бұл белгілерден соң, екінші, үшінші күн дегенде мал өледі. Ал ауру малды союға тыйым салынады. Осы ауруға шалдыққан малдың бәрі тегіс қырылып қала ма? Жоқ. Егер уақытылы мал дәрігеріне көрсетсе, аман алып қалуға мүмкіндік бар. Ал адамға қалай жұғады?

- Егер адам ауру малға жанасса, күтім жасаса, сойса, терісін алса, көмсе жұғады. Одан бөлек, еті мен сүті арқылы да бойына таралуы бек мүмкін. Ауру адам денесінде бірнеше сағат пен біршама күн бойы жасырын жүреді. Кейін дақ пайда болып, ол артын­ша безеуге айналады. Одан соң бұлдыр қан аралас сұйықтығы бар көпіршікке айналады. Ол жарылып, сұйықтық ағып кеткен кезде қабықшамен қапталған жара пайда болады. Науқас жоғары температурамен, жалпы әлсіздікпен жүреді, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда об­лысы бойынша аумақтық инспек­циясы басшысының міндетін ат­қарушы Жандос Сәрсенбаев.

Осы аты жаман індет дерегі Сыр елінде соңғы рет қашан тіркелді? Өткенге бір көз тастасақ.

2008 жылы Шиелі ауданындағы тау баурайында тіршілік етіп отыр­ған  малшының  сиырынан осы кесел анықталған. Өкініштісі, малшы да ауруға шыдас бермей, көз жұмған. Сегіз жылдан бері аталмыш кесел біздің өңірімізде кездеспеген. Себебі мұндай жағдайға жеткізбес үшін маман­дар жыл сайын малдарды иммунд­ау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп  отыр.

- Әр жылдың көктем-күз айла­рында иммундау жұмыстары қолға алынады. Биылғы жылдағы алты айдың қорытындысы бойынша облыс көлемінде 182 мың ірі қара, 488 мың уақ мал егілді. Иммундау жоспарлы түрде тегін жүргізіледі, -  деді Жан­дос­  Сәрсенбаев.

Сондай-ақ оның айтуынша, айма­ғымыздағы барлық базарлар, ет сататын дүкендер қатаң түрдегі тексерістен өтеді. Еттің құрамын қарап, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін сараптама жасайтын арнайы маман­дар бар. Олар бақылауды күнделікті жүр­гізеді. Сондықтан ет сатып алар кезде қорқы­нышқа бой алдырмай-ақ қойыңы­з.

Біздің облыста типтік жобадағ­ы 69, қарапайым үлгідегі 77 мал қорымы бар. Алайда сібір жарасымен сырқаттанған малдар мұнда әкелінбейді. Қауіптілігі жоғары­ болатындықтан, дереу өртеп жібереді.

Аурудың қай-қайсысымен болса да, ойнауға болмайды. Ал түйнеме ауруына келгенде, әңгіме тіпті де маңызы­н арттыра түседі.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2016 >
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары