Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
Екі жасқа дейінгі балалар ішек ауруына жиі шалдығады
07.07.2016 11:43

Жаз айлары – жедел ішек инфекцияларының өршитін маусымы.­ Әсіресе, 1-3 жас аралығындағы балалар арасында бұл жағдайдың етек алуы алаңдатарлық жағдайға айналып отыр. Жыл басынан бері жедел ішек аурушаңдығының 521 оқиғасы тіркеліп, оның 71,4 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар екені анықталды. Соның ішінде екі жасқа дейінгі балалардың осы ауруға тап болуы жиі кездесетін жайт. Сондықтан бұл мәселеге облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманд­ары  бейжай  қарамау  керектігін  ескертеді.

- Жедел ішек инфекциясы — жұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіле­ді де сыртқы ортаға тарайды. Инфекция гигиеналық тазалықты сақтамағаннан пайда болады. Атап айтсақ,  жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолданғаннан,  ауызсуды қайнатпай ішкендіктен жұғады. Ішек инфекциясының түрі көп. Қазіргі күні дизентерия, сальмонеллез, диарея аурулары жиі кездеседі. Бұндай аурудың­  құрығына алдымен балалар ілінеді, - деді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директорының орынбасары Ботагөз Демеуқызы.

Бүгінде қарбыз, әңгелек, өрік секілді көкөністер мен жеміс-жидектердің түрі-түрі жан-жақтан ағылып келіп жатыр. Сырттан тасымалдан­ған жеміс-жидектер көп жағдайда іш ауруы­ның көбеюіне басты себеп болып­ жатады. Сондықтан бала емізетін әйелдер көкөністер мен жеміс-жидектерді тұтынғанда абай болғаны жөн. Себебі ана сүті арқылы сәбидің іші өтуі мүмкін. Сонымен қатар жаз айларында сүт өнімдерін тұтынғанда аса сақтықты қажет етеді. Аздап болса да «быршып» ашыңқыраған ағар­ған сүт-қатық өнімдерін балаларға бермеген дұрыс. Өйткені бұл өнім­дерден де балалардың асқазанында ауыр кеселдер тудыруы мүмкін. Шіліңгір  шілде  айы басталғандықтан кішкентай балаларды ыстық күн­дері күн көзінде көп жүріп қалуы­нан сақтау керек. Жалпы, ішек ауру­ла­рының  көбеюіне ет, құс өнімдері де өз әсерін тигізеді. Сыртта қыдырып кәуап, жұмыртқаны шала пісіріп жеу сальмонеллез ауруына шалдықты­рады.  Ал бассейндерде, су қоймаларында шомылып жүріп су жұтып немес­е аузыңызға су кіріп кетсе де  ішек ауруына шалдығуыңыз әбден мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінсек, бүгінде  ішек  инфекциясының  60-тан астам қоздырғышы анықтал­ған екен. Егер инфекцияны жұқ­тырған адам уақытында емделмесе, өміріне қауіп төнеді әрі өзге адам­дарды да ауруға шалдықтырады. Өйткені микробтар науқас ішегінен бөлініп топыраққа, суға және тағамға түсуі мүмкін. Ал қауіпті вирустар су қоймаларында, тағамдарда және әртүрлі тұрмыстық заттар бетінде ұзақ уақытқа дейін сақталады.

Ішек инфекциясын жұқтырған балан­ың дене қызуы көтеріліп, іші қайта-қайта өтеді. Асқа тәбеті болмай, құсады,  емшектен бас тартады, мазасызданады, басы ауырады. Дәретіне қан немесе кілегей араласады. Қайта-қайта іші өтіп, құсқандықтан баланың ағзасы тіршілікке қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Осының әсерінен  әбден қалжырап, әлсіздік пайда болады. Егер аталған белгілер байқалса, дереу медицина қызметкерлеріне хабарласу керек.

Балаларда жедел ішек ауруы басталғ­ан кезде көрсетілетін алғаш­қы көмек – регидрон ерітіндісін беру. Езілген сұйықтықты жиі-жиі 1 шай қасықпен ішкізеді. Ерітінді әрбір күнге жаңадан езіліп беріледі. Осы емнен кейін баланың  іш өтуі тыйылу­ы мүмкін. Сондай-ақ нау­қас балаға­ сұйықтықты көп беру керек. Мәселен,  сорпа, күріш суы, сұйық шай, кисель, қайнатылған және салқында­тылған суды ішкізген жөн. Ал ішектің микрофлорасына тікелей әсер ететін қуырылған, ащы, кепкен тағамдарды беруге мүлде болмайды. Егер нәтиже болмай, бала қайта құсса, қызуы көтеріліп, шөлдей  берсе, сұйық ішпесе, тамақтан бас тартса, онда ауруханаға жатқызу­  керек.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2016 >
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары