Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі
17.09.2015 00:08

Әлемде 113 мем­ле­кет өзін зайырлы ел деп жариялаған болса, соның бірі - Қа­зақстан. Конституцияның 1-бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнық­тыратыны көрініс тапқ­ан. Сонымен бірге Ата заңымыз әрбір адамның діни сенім бостандығына кепілдік береді және конфессиялық, этникалық және басқа да белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салады. Ал жер бетін­дегі 75 мемлекетте дін республиканың ресми бөлігі болып табылады.

Хош. «Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы деген атеистік деген­ді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәс­түрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мо­йындамаймыз». Бұл - Елбасының зайырлылық пен дінсіздік ұғымын шатыстырып, адасқан қандастарымызға қарата айтқ­ан кесімді сөзі. Алайда әлемді дүр­ліктіріп, алты құр­лық тыныштығын бұзған, қоғам арасындағы қорқыныш пен үрейді үдеткен радикалды топтар мұны түсіне бермейді. Тіптен түсін­гісі де келмейді. Себебі олар наданд­ыққа, көрсоқырлыққа негізд­елген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етеді. Олар өзгелерді әділетсіз, әрі қатыгез деп айыптаудан танбайды. Елдегі конституциялық құрылымды мойындамайды. Және оны зорлық-зомбылық күшімен жоюға, билікті заңсыз басып алуға ашық насихат жасайды. Белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады. Бір сөзбен айтқанда, экс­тре­мизмнің қай түрі болмасын, тұтас әлемге, мемлекеттің қауіпсіздігіне, азаматтардың құқығына және бас бостан­дығына қауіп төндіреді.

Ел тыныштығы мен тұрақтылығына төнгелі тұрған қауіп­тің алдын алу мақсатында өткен аптада Ә.Тәжібаев атындағы орталық кітапханада «Зайырл­ы мемлекет – қоғам дамуы­ның кепілі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжі­рибелік конференция өтті. Облы­стық ішкі саясат бас­қармасы мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мұрындық болған мәнді мәжі­ліске жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, танымал ғалымдар мен теологтар, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушы­лары және жастар қатысты. Қоғам үшін құнды тақырыпты қаузаған жиынды облыстық ішкі саясат басқармасы бас­шысының орынбасары Мұрат Сұлтанғазыұлы  жүргізді.

- Мемлекетіміздің  зайырлы­ келбеті – қоғам дамуының кепілі және бірлік пен тұрақтылықтың негізі. Сондықтан біздің мақсатымыз  мемлекеті­міздің зайырлы қағидаттары негізінде мәдениетіміз бен дәстүрімізге сәйкес келетін діни сананы қалыптастыру болып­ табылады. Бүгінде бұ­қа­ра арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес аймақтағы діни ахуал 96 пайыз тұрақты деп есептеледі. Тәуелсіздік жыл­дары ресми тіркелген 23 мешіт болса, бүгінде олардың саны 150-ге жетіп отыр. Сондай-ақ, жыл басынан бері діни экс­тре­мизм  мен терроризмнің алды­н алу мақсатында 580-нен аса түрлі форматтағы наси­хаттық шаралар ұйымдастырылды. Республиканың өзге өңірлеріне қарағанда аймақтағы ахуал тұрақты, - деп, басқосуды жа­ғым­ды  жаңалықпен  бастады.

Танымал дінтанушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Досай Кенжетай да  солтүстік аймаққа қарағанда Сыр елінде дін де, дәстүр де, тарих та, мәдениет те барын, сондықтан арбауға түсер аңғал жұрт мұнда еместігін алға тартып,  көңілге қонымды, санаға сіңімді ойларымен бөлісті.

- Біздің қоғамда зайырлылық туралы ұғымды әртүрлі түсіндіретін топтар пайда бола бастады. Зайырлылықты дін­сіздік, атеизм ретінде танытып жатқандар бар. Ал мемлекет­тік, республикалық жүйені тағут­ (шектен шығу, адасушылық)  деп анықтама беріп жата­ды. Бұл бізге қауіпті. Бұл - біз­дің жастарымыздың санасына, танымына, бағыт-бағдарына  қайшы ұстанымдар.  Сондықтан біз зайырлылық ұғымын дұрыс түсіндіруіміз керек. Ғылыми тұрғыдан алғанда за­йырлылық мемлекет пен дін­нің басқару және құқықтық тұрғысынан ажыратылуы деп қарастырылады.  Ал аксиологиялық, әлеуметтік, психологиялық, мәдени-өркениеттік тұрғыда мемлекет пен дін ажыратылмайды. Біздің республикалық жүйенің ең алғашқы есігін  ашқанда демократиялық құқықтық зайырлы мемлекет екендігімізді анықтап алдық. Ширек ғасыр ішінде діни сана, білім деңгейі көтеріліп, кадр мәселесі де шешімін таба бастады. Алайда дін ғылымының да алғы шарттары бар. Әлі шеші­лмеген теориялық, методологиялық  бірқатар мәселелер  уақыт талабына сай сараптамадан өтіп,  алдағы 10-15 жылда  қалыпты  деңгейге жете­ді деп ойлаймын, - деді ол.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде ИШИМ құрамында 207 мемлекеттің азаматы дүниежүзілік жүйеге қарсы шығуда. Содырлар сойылы орталы­қ Азиядан асып, шығыс Азия азаматтарын қармағына іле бастады. Содырлар сапында дәстүрлі діні бөлек жапон азаматының жүргендігі дүйім жұрттың жағасын ұстатты. Конференцияда сөз алған азаматта­рдың да ой-пікірі «індетше жылдам жайлаған бұл «жиһадт­ың» алдын алмақ үшін жас­тарымыздың зайырлылық тұрғысындағы танымын кеңей­тіп, діни сауатын ашуымыз керек­»  дегенге  тоғысты.

Конференцияда ұлттық құндылықтарды насихаттайтын кітаптар мен жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылып, діни мазмұндағы бейнероликтер көрсетілді. Осы тұста  Астан­адан арнайы келген қонақтың ашық айтқан әңгі­месі еске еріксіз оралады. Тарқатып айтсақ,  Досай Кенжетайдың да қазіргі уақытта шығып­  жатқан кітаптардың саным­ен қатар сапасына да көңілі  толмайды. Десе де келер күндерде кемшіліктер түзеліп, әлемдік деңгейдегі таным­дық өлшемдердің барлығы жүзеге асады деп сенеді. Біз  де үміттенейік!

Ж.ҚҰРБАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2015 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары