Please select a category for JA Newsflash!






Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін99
mod_vvisit_counterКеше964
mod_vvisit_counterОсы аптада1063
mod_vvisit_counterӨткен аптада6422
mod_vvisit_counterОсы айда18795
mod_vvisit_counterӨткен айда26571
mod_vvisit_counterБәрі553405


Өзекті мәселелер

  • 16.10.14

    Міне, осылай. Тура жанкешті­лік, ар алдындағы адалдық, әмме әлемдік оқырмандар алдындағы жауапкершілік деп осыны айтады. Айта беретін жауапкершіліктен де асқан жауапкершілік бұл! Бәрімізге белгілі, біздің қазақ әдебие­ті тарихында жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары «аспаннан роман жауған» олжалы кезең болып­ қалды. Сыншы Т.Тоқбергеновтың дерегінде бір кезең «тоғы­з жылда тоқ...

    Толығырақ...
  • 16.10.14

    Дәстүрлі музыка – әр елдің мәдениетін даралап, өзгеден ерекшелейтін төл өнер. Әрбір елдің болашаққа бет алысы, бағыт-бағдары, тағдыры тамырын алған мәдениетіне байланысты десек, түркі халықтарының көшке ілеспей, өнерінің өскінсіз қалмасы анық. Табиғаттың тосын мінездеріне төзімді деп бамбукты баласақ, түркі халықтарының музыка мәдениеті де бамбук буындарындай әр ғасыр сайын жанданып, жа...

    Толығырақ...
  • 16.10.14

    «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деген. Шежіреге бай шырайлы өлке Шие­лінің биыл да айы оңынан туып тұр. Ала жаздай қиындыққа қайыспай, бейнетті бел ортасынан кешкен шиелілік даңғайыр диқандар мол өнімге қол жеткізіп, мерейі тасып жатқан жайы бар. Байлығымен келген берекелі күздің шиеліліктерг­е  берген сыйы мұнымен біткен жоқ. «Алтын күз-2014» мерекесі аясында өткізілген ...

    Толығырақ...
  • 16.10.14

    Бүйрек трансплантациясы Сыр медицинасында ең алғаш рет 29 жастағы Ердәулет Боз­ғұловқа жасалды. Біздегі  бүйрек ауыс­тыру операциясының елі­міздегі жасалға­н төртінші аймақ ретінде тіркелуінде де өзіндік мән бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.14

    Асылзат Алматыға гранттық негізде­ оқуға түскен кезде төбесі көкке екі еліге жетпей қуанған еді. Жаз аяқталып, жаңа оқу жылы басталған сәтте ата-анасы бар жиған-тергенін сөмкеге салып, қыздарын Алматыға жіберді. Асылзаттың көптен күткен арманы орындалды. Өзі мәз. Орта мектепті бітіріп, өмірдің өзге баспалдағына қадам басу кімді де болса қуантатыны рас. Анасы Күл­жан Алматыдағы інісіне «қызымды ...

    Толығырақ...
ОҢАЙ ОЛЖАНЫ ОЙЛАП, ОРҒА ТҮСКЕН ЕКЕУ
06.06.2013 13:02

Жалғастың жоғарғы оқу орнын бітіргеніне көп болған жоқ. Дипломын алып, ауылға келгелі екі-үш ай өтті. Ауылдағы жора-жолдастарының көбі жұмыссыз. Екі қолға бір күрек болмаған соң Жалғас желіккен достарымен күн сайын жөнсіз қыдыратынды шығарды. Достарының ішінде Ермек теріс әрекеттерге жақын. Қасынан «шабармандарын» қалдырмайды. Ата-анасы Жалғастың одан алыстау жүрге­нін қалаған.

Бірақ ұлдары оған құлақ аса қоймады. Бірде Ермек таң атысымен Жалғасқа «бізді­кіне кел, шұғыл шаруа бар» деп қоңырау шалды. Сөйтсе, Ермек қалада тұратын өзінің немере ағасының жеңіл авто­көлігін сатуға көмек­теспекші екен. Жалғасқа «менімен бірге қалаға жүр» деп өтініш білдірді. Бұл да келісе кетті. Алайда, Ермектің жоспары мүлдем бөлек-тін. Жал­ғас әке-шешесіне ескер­тіп, екеуі түс ауа ауылдан шығып кетті.

Бұлар қалаға жеткенде күн кешкіріп қалған еді. «Іздегенге сұраған» демекші, қалаға келген бойда екеуі бірден кафеге бет алды. Ермек даяшыға сырадан алдыртып, жалғыз өзі он шақты бө­телкесін қағып тастады. Ал Жалғастың спирттік ішімдікке әуестігі жоқ. Ермек мұны әрі-бері ішуге үгіттеп көр­ген, көнбеді. Сәлден соң екеуі кафеден шығып көше бойынан такси ұстауға бе­кінді. Ермек әбден қызып ал­ған. Жал­ғас Ермекке:

- Шамалы жаяу жүріп бой сер­гітіп алайық, мастығың тарқасын, - деп қолқа салып­ еді, Ермек келісе қоймады.

Жалғастың бар ойы – ертерек демалып, ертең Ермектің ағасының жеңіл автокөлігін сатуға көмектесу.

- Қала орталығында тұратын жолдас жігіттің үйіне соғып, одан кейін бітіретін шаруаларым бар. Сен менімен бірге жүр, басты қатыра бермей, - деді.

Амал жоқ, досының сөзінен асып кете алмады. Осы кезде бір такси келіп тоқтай қалды. Бұлар шеткеріректегі шағын­ ауданға жеткізіп салуын өтінді. Бағасына бас қатырып жатпады, мініп алды. Жол қысқарсын деген оймен жөн сұрасып, емен-жарқын әңгімелесіп отырды. Ермек жолдас жігітіне телефон шалып көріп еді, жауап­ болмады. «Ұйықтап жатқан шығар» деп жобалады іштей. Бұл уақытта такси межелі мекен-жайға жетіп қалған-ды. Ермек сыртта ұялы телефонымен ұзақ сөй­лесті. Содан кейін такси ішінде отырған Жалғасты қасына шақырды.

- Досым, мына жүр­гізушінің ақысын төлеп, қайтарайық, біраз күтіп қалды ғой, - деп еді ол, Ермек:

- Жоқ, қалай болғанда да біз мұның көлігін тартып алуымыз керек. Ешкім көрмейтін алыстау бір жерге алып кетейік, жүр, - деді. – Ертең мәшиненің заттарын бөлшектеп сатып, пайда қыламыз.

Мұндайды күтпеген Жалғас:

- Ертең сенің ағаңның көлігін сатуға шықпаймыз ба, оны қайтесің? – деп сұрады.

Ермек мұның құлағына сыбырлап айтты:

- Мен оны саған жай айта салдым, мені мұнда ешкім шақырған жоқ.

Жалғастың іші қылп ете қалды. Бұрын тек теледидардан ғана көретін қылмысқа енді өзінің досы итермелеп тұр.

- Уақыт соза бермейік. Сен артқы, ал мен алдыңғы орындыққа отырам­ын. Қаладан сәл алыс­таған сәтте мен саған белгі беремін, сен сол кезде жүргізушінің мойнын мына пышақпен тіліп жібересің, - деп, Ермек Жалғастың қо­лына қысқа сапты пышақ ұстатты.

Екеуі қайтадан әлгі көлікке жайғасты.

- Екі есе ақшаңды төлейміз, бізді шалғай ауылға жеткізіп сал, - деді.

Жүргізуші қуана келі­сіп, түн ауа қаладан шығып кетті. Жарты сағат өткен соң Ермек жүргі­зушіге:

- Осы жерден тоқтай берсең болады, әрі қарай өзіміз жетеміз. Онша алыс емес, - деді ол.

Жүргізуші айтылған жерге дейін жеткізіп салмақшы еді, бірақ бұлар көнбеді. Мәшинесін жолдың жиегіне жақын қойып, тоқтата бергені сол еді, Ермек Жалғасқа белгі берді. Жалғас дереу жүргізушінің мойнына пышақ тақап, бер-екі рет осып-осып жіберді. Мұндай оқыс қимылды күтпеген жүргізуші оның қолын тартып, кейін лақтыра бергенде жанында отырған Ермек кеуде тұсына тағы пышақ сұғып алды. Екеудің шабуы­лына қарамастан, жүр­гізуші есікті ашып, сырт­қа қарай ұмтылды. Сол кезде Ермек шап беріп жүргізушінің иығынан ұстап үлгерді. Таксист сонда да сыртқа қарай бар екпінімен ұмтылып шықты да, қаша жөнелді. Бұл кезде Ермек рөлге отырып, Жалғас екеуі қайтадан қалаға қарай құстай ұша жөнелді. Ал әбден қансыраған такси жүргізушісі жол бойында құлап жатқан жерінен табыл­ып, дереу ауруханаға жеткізілді. Абырой болғанда, жаны қалды. Екі қылмыскер сол күні-ақ ұсталды. Ар емес, пайдасын ойлаған қаскүнемдер жазасыз қалмайды. «Ұрлық түбі – қорлық» дегендей, арамдықтың ешкімге абырой әпермейтіні осыдан әрі өзгелерге сабақ болса екен.

(Кейіпкерлердің есімдері өзгертілген)

Ә.НАЖМАДИН

 

Күнтізбе

< Маусым 2013 >
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Қызылордада қай құрылымның қызметіне көңіліңіз толмайды?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары