Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1150
mod_vvisit_counterКеше2985
mod_vvisit_counterОсы аптада10277
mod_vvisit_counterӨткен аптада18328
mod_vvisit_counterОсы айда63765
mod_vvisit_counterӨткен айда78244
mod_vvisit_counterБәрі5234546


Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДАДА "СЫР ӨҢІРІНІҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ, МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨНЕРІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ" АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
04.03.2019 10:25

Түркия, Ресей, Германия және Қазақстан ғалымдары түркі тілдес мемлекеттердің қалыптасуындағы Сыр өңірінің мәдени мұрасының рөлі туралы айтты.

Конференцияны ашқан Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Байқадамов Сырдария төңірегіндегі мәдени-тарихи ескерткіштердің көне түркі тайпаларының мәдениеті мен өркениетін дамытудағы маңызын атап өтті.

Конференцияда Хажы Байрам Вели университетінің профессорлары ф.ғ.д. Өжал Оғуз және ф.ғ.д Хулия Касапоглу (Түркия, Анкара), Н.Миклухо-Маклай атындағы антропология және этнология институтының профессоры, т.ғ.д. Ирина Аржанцева (Ресей, Мәскеу), Тюбинген университетінің профессоры, белгілі археолог Генрих Харке (Германия), Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының профессоры ф.ғ.д. Шәкір Ыбыраев пен ф.ғ.д. Амантай Шәріп, сондай-ақ, Халықаралық түркі академиясының аға сарапшысы ф.ғ.к. Нәпіл Базылхан (Астана) баяндама жасады.

Конференцияда шетелдік және отандық түркітанушы ғалымдар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы аясында ғылыми ізденістерін таныстырды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Бағдат Кәрбозов пен Әзілхан Тәжекеев аймақтағы көне түркі өркениеттері мұрасын сақтау және көпшілікке тарату жұмыстары туралы айтып берді.

Ғылыми-теориялық конференцияға қатысушылар үшін Хорезм экспедициясының материалдары бойынша әзірленген "Сыр өңірінің зерттелу тарихы"  кітап-альбомының тұсаукесері және тарихи жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылды.

Айта кетейік, бүгін ғалымдар облыс әкімі Қ.Көшербаевпен кездесіп, Сыр өңірінің мәдени мұраларын сақтау бойынша жүргізілетін алдағы жұмыстарды талқылап, Қызылорда қаласындағы "Рухани жаңғыру" орталығы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болды. Сондай-ақ, шетелдік қонақтар Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығы мен Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барады.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары