Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 30 Қараша 2017

Қоғамдық монша ашылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.11.2017 18:00

Ақтан батыр ауылында қоғамдық монша және шаштараз қызметін көрсететін кешен пайдалануға берілді Нысанның ашылуына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.

Ауыл тұрғыны жас кәсіпкер Еркін Серікбаев «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқып, кәсіпкерлік саласындағы білімін жетілдірген болатын. Жобасы сәтті шығып, Қызылорда "Өңірлік Инвестициялық орталығы Микро қаржылық ұйымы" арқылы 5 миллион теңге несиеге қол жеткізді. Кәсіп ашу арқылы Еркін екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Нысанда азық-түлік дүкені, шаштараз, қоғамдық монша орналасқан.

Еркін Әзілханұлы Қазалы кәсіптік-техникалық колледжін "Жол құрылысы" мамандығы бойынша бітірген. Алайда кәсіпкерлікке қарай бет бұрғанына өкінбейді. Жас кәсіпкер мемлекеттің көрсеткен қолдауына дән риза.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Ардагерлер мемлекет қолдауына риза PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.11.2017 17:53

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев аудан ардагерлерімен кездесті. «Қарты бар елдің қазынасы бар» қағидасын тұтынған жүздесу Ардагерлер үйінде өткізілді. Жылы шырайлы жүздесу барысында Мұрат Нәлқожаұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, алда атқарылатын жобалар туралы бөлісті.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов бастаған ардагерлер қауымы мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдауларға ризашылықтарын жеткізіп, жас буын өкілдерін тәрбиелеуге өз үлестерін қоса беретіндіктерін айтты.

Мұнан соң Мұрат Ергешбаев жастар өкілдерімен кездесті. Ашық пікірлесу барысында аудан әкімі жастардың ұсыныстары мен сауалдарын ескере отырып, алдағы уақытта өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылатынын айтты.

Сондай-ақ жастар үйінде орналасқан «Барлығы да рақмет үшін!» әлеуметтік дүкенінде болып, қайырымдылық шараларын одан әрі жандандыруды тапсырды. Келесі кезекте әкім кенттік клуб пен «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің жұмыс барысымен, жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының техникалық жабдықталуымен танысты.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Елін сүйген Елбасы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.11.2017 17:38

Қазақ елінің тарихындағы елеулі күндердің қатары толыққанына биыл – бес жыл. Еліміздің еңсесі биік ордаға айналып, әлем көз тігерліктей абырой жинап, Ұлы дала елі ұрпақтарына мәңгілік мекен, тарихи мұра қалдырған тұлға ретінде мемлекет басшысын атаймыз. Қазақ даласының егемендік алып, туын көкке көтергелі бір ғана сұңғыла саясаткер, кемеңгер тұлғаға бағынуының өзі бірлік пен берекелік елге ғана жарасады. Қарашаның соңғы бейсенбісінде Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында Тұңғыш президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» тақырыбымен салтанатты кеш өтті.

- Бүгін – барша қазақстандықтарды ынтымақ пен ырысқа бастайтын күн. Елбасы жетекшілігімен кең ауқымды, әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы бірлікті нығайту, елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Бүгінде Қазақстан өз тәуелсіздігін алған, әлем мойындаған мемлекеттердің қатарында. Ғасырлар бойы армандаған қадам нәтижелі болып, ширек ғасыр ішінде еліміз дамыған елдердің қатарынан көрінді. Бұл – жасампаздықтың жеңісі мен жемісіне айналды. Әр ұлттың тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Сол ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте егемен Қазақстанның негізін салу және тарихи миссиясы Елбасының еңбегіне тиесілі, - деді шара шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов.

Салтанатты шарада Сыр өңірінің «Сыр сандуғаштары» балалар вокалды тобы «Елбасы – ел бағы» әнін орындаса, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі «Дала сазы» биімен сахнаның көрігін қыздырды. Сондай-ақ, мерекелік концертте «Менің Елбасым», «Ахау, керім», «Үкілі қыз», «Дедім ай-ау», «Тойбазар», «Сильные люди» әндері орындалды. Ал шара соңы «Астана» әнінің шырқалуымен тамамдалды.

Халық-хабар

Н.Нұржаубай (сурет)

 


АРАЛДА «ЕР-АЙ» САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.11.2017 16:53

Жалпы, аудан көлемінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік нысандарының артуы қуантарлық жағдай. Осы ретте, бүгін Арал қаласында «Ер-Ай» сауда орталығы ашылды.

Сауда орталығының ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі:

- Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында, ел экономикасына басты серпін беретін  шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыру мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Бұл бағытта, ауданымызда тұрғындарға жайлы да сапалы сауда орындарын ұсынып, қаламызда кәсіпкерлік нысандарының санын арттырып, жаңадан жұмыс орындарын ашып отырғаны үшін кәсіп иесіне алғысымды білдіремін және жаңа бастамаларыңызға табыс, кәсіптеріңізге береке тілеймін.- деді.

Сонымен қатар, сауда орталығының ашылу салтанатымен кәсіп иесін Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов пен аудан ақсақалы Ш.Дәрмағамбетов құттықтап, жиналған қала тұрғындарымен бірлесе сауда қатарларын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Байқағанымыздай, жалпы құны 100,0 млн теңгені құрайтын «Ер-Ай» атты жаңа сауда орталығын ашып отырған жергілікті кәсіпкер Берік Жандаулетовке жұмыспен қамтылып отрған жандар да, тұтынушылар да дән риза.

Себебі, сатылымындағы заттардың бағасы өзге сауда орындарынан 7-10 пайызға төмен. Сондай-ақ, сауда қатарларынан орын алып, өз кәсібін бастаған сатушыларды орталық иесі қажетті заттармен қамтамасыз етуде, әрі екі ай бойы жалдама ақысын алмайды. Сауда орталығының әкімшілігінің айтуынша, бұл нысанда азық-түліктің бағасының тұрақтылығын сақтау үшін арнайы қоймалар салынып, онда жеткілікті мөлшердегі өнімдер сақтаулы.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


АРАЛДА АВТОБЕКЕТ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.11.2017 16:49

Аралдықтар үшін бүгін ерекше қуанышты күн. Себебі, Арал ауданының халқы бүгін жеке кәсіпкер Жақсат Исаевтың «Жақсат и К» автобекет нысанының ашылу рәсіміне куә болды. Бүгіннен бастап заман талабына сай автобекеттің игілігін көруге асыққан тұрғындардың бұл қуанышына аудан әкімі М.Оразбаев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Байқадамов ортақтасып, кәсіпкер азаматты, жұртты арнайы құттықтады.

Жалпы жоба құны 70 млн теңгені құрайтын автобекетте көрсетілетін қызмет түрлері заманауи талаптарға сай. Атап айтсақ, бұл арада жолаушылар тасымалымен қамтамасыз ету, жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету, азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету және 5 бағытқа (Арал-Қызылорда, Арал-Шымкент, Арал-Түркістан, Арал-Байқоңыр, Арал-Қазалы) қатынауға толықтай мүмкіндік қарастырылған.

Сонымен қатар, мұнда шағын асхана, билет кассасы, күту залы және жүргізушілерге арналған демалу орны да бар. Сондай-ақ, ана мен балаға арналған бөлменің сән-салтанатына ерекше назар аударылған.

Айта кету керек, автобекет тұрағына бір мезгілде 5 автобус, 20 жеңіл автокөлік орналаса алады. Сондай-ақ, күнделікті 10-нан аса автобустар 600-ге жуық жолаушыны тасымалдауға мүмкіншілігі бар. Бүгінгі таңда автобекетте 10 қызметкер жұмыспен қамтылған.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


Бір топ қызылордалық полицейлер марапатталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.11.2017 16:39

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті. Шара салтанатты әнұран ырғағымен ашылып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі. полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының құттықтау хаты оқылды.

Аталмыш мерекеге арнайы түсірілген «Тұңғыш Президенттің өмір жолы» бейнеролигі департамент қызметкерлерінің назарына ұсынылды.

Шара барысында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитов сөз алып, жиналғандарды, жеке құрамды айтулы мерекемен құттықтады.

Мерекелік шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін барлығы 155 ішкі істер органдары қызметкерлері марапатталды. Оның ішінде 16-сы «Қазақстан Полициясына – 25 жыл» естелік төсбелгісімен марапатталды. Айта кетерлік жайт, марапатталғандардың қатарында құқықбұзушылықтармен күресіп, құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген төменгі құрылым қызметкерлері, аудандық ішкі істер бөлімдері, қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері де бар.

Бұдан әрі шара концерттік бағдарламаға ұласты, патриоттық әндер айтылып, би биленді.

Қызылорда  ОІІД  баспасөз  қызметі

 


Тұңғыш президент күні - ұлт руханиятының құндылығы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.11.2017 16:36

Осы тақырыпта Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Тұңғыш президент күніне орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.Бисенов жүргізіп отырды.

Президент бастамасымен қабылданған стратегиялық бағдарламалар Қазақстанның даму басымдықтарын айқындап келеді. Еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашатын стратегиялық бағдарламалар нәтижелі орындалуда. Бүгінгі күні Қазақстан әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу мақсатын кезең-кезеңмен жүзеге асыруда. Бұл тұрғыда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызы ерекше. Мақалада Елбасы қолға алынып отырған саяси және экономикалық реформалардың негізіне айналған рухани жаңғыру идеясын ұсынды. Қоғамның санасын жаңғыртудың: Бәсекеге қабілеттілік, Прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, Білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, Сананың ашықтығы сынды негізгі бағыттарын ашып көрсете отырып, заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты бағдарламаларды белгілеп, оларды тиімді жүзеге асыруды тапсырды.

Сонымен қатар э.ғ.к Қ.Құдайбергенов «Елбасы саясатындағы Сыр елі», ф.ғ.к., О.Бермаханов «Рухани құндылықтардың адам капиталын дамытудағы маңызы», Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Еламанов «Елбасы бастамалары – сот реформаларының негізі», т.ғ.к М.Аңсатова «Елбасы саясаты және тарих ғылымы», Н.Мыңжасов «Этносаралық қатынастарды реттеудің Қазақстандық моделі», А.Оразбақов «Президент саясаты және ұлттық демографияның өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми баяндамаларын оқыды.

Жиын барысында конференцияға қатысушылар мен қонақтар баяндамашыларға сұрақтар қойып, өзара еркін пікір алмасу болды.

ҚМУ-дың баспасөз қызметі

 


АРАЛДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.11.2017 14:21

Тәуелсіз еліміздің баянды болашағы да, кемел келешегі де елімізде өмір сүріп жатқан халықтардың денсаулығына тікелей байланысты. Осы ретте, мемлекетіміздің ұстанып отырған сындарлы саясатының арқасында елімізде әрбір азаматтың өз денсаулығын нығайтуға, қорғауға барынша жағдай жасалып отыр.

Оған бүгінгі Арал ауданы, Мергенсай ауылдық округінде пайдалануға берілген жаңа медициналық бекет айқын дәлел деуге болады. Заман талабына сай жабдықталған мекеменің ашылғанына жергілікті жұртшылық дән риза.

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні қарсаңында пайдалануға берілген әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М.Оразбаев пен Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов жиналған жұртшылықты қуанышпен құттықтап, медициналық бекеттің лентасын қиды.

Тұрғындарға лебізін білдірген аудан басшысы өз сөзінде қазіргі таңда аудан бойынша тағы дәл осындай екі нысан ел игілігіне берілетіндігін айтып, аудан орталығында бой көтерген 150 орындық аурухана да келер жылы ашылатындығын жеткізді. Сонымен қатар, облыстық мәслихатың хатшысы Н.Байқадамов көпшілікке ақжарма тілегін білдіріп, айдынды Арал ауданы жыл санап қарқынды дамып келе жатқандығын тілге тиек етті. Айта кету керек, шараға қатысқан ауыл ардагері Қожабай Зұлқарнаев та ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды, соның ішінде Мергенсай ауылдық округі бойынша жасалып жатқан игі бастамаларға халық риза екендін және ауылдың даму жағдайы күннен-күнге жақсарып келе жатқандығын жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚҰЛЫБАЕВ АВТОӨНЕРКӘСІПТІ ҚОЛДАУ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТПЕУ СЕБЕПТЕРІН АЙТТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.11.2017 14:18

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа отырысында оқшаулауды ұлғайту мен импорт алмастыруға кедергі келтіретін тұстар жайында мәселе қозғалды

Тимур Құлыбаев аталған мәселені талқыға салу барысында ресейлік оң нәтиже берген тәжірибені байқап өтті.

«Осыдан 20 жыл бұрын астықты біз Ресейге жеткізетінбіз. Қазіргі таңдағы жағдай мүлдем бөлек. Олардың енді экспорттық әлеуеті біздің елде өсірілетін астық көлемінен үлкен. Қантты жеткізетінбіз, алайда енді ресейлік сұраныс еліміздің нарық тұтынушылық көрсеткішінен асып түседі. Белгілі бір азық-түлік тізімі бойынша өз-өзімізді қамти алмаудамыз. Мұның барлығы инфляцияға әсерін тигізуде.

Инфляциямен күресу кейпін танытамыз. Бірақ қандай құралдармен? Алдын ала сатып алынған тауар топтары бітпейінше біз бағаны ұстап тұра аламыз. Алайда бағаның негізгі бөлігін нарық анықтайды. Валютаға бірінші кезекте қажет тауарларды аламыз. Мұндай жағдайда ешқандай несие-қаражат саясаты, ақша жиын сынды құралдар жұмыс жасамайды. Ішкі нарықты толық қамтамасыз етпегенше, біз өз экономикалық саясатымызды басқара алмаймыз», - деп мәлімдеді Ұлттық палата басшысы.

Мысал ретінде Тимур Құлыбаев экономиканың негізіне әсер етпейтін машина жасау саласын кетірді.

«Бізде негізгі екі құрастырушы бар. Бұл санды бірге қысқарту қажет. 2016-2017 жылдары 56 мың автокөлік сатылды. Өнеркәсіпті толығымен оқшаулау үшін 100 мың автокөлік шығару керек. Резеңке, шыны, пластмасса сынды барлық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін өнеркәсіптер болуы тиіс. Өнімімен не істеуге болатынын білмейтін көксағыз зауытын қаржыландыру қажет. Осы сынды іс-әрекеттер оқшаулау болып табылады. Сол жағдайда автокөлік қолдауға кететін ақша экономикаға мультипликативкі әсер туғызады. Экономикаға әсерін беретін жұмыс жасау керек. Ауыл шаруашылық құрал-жабдықтарын өндіру саласында жағдайды реттеп, қызмет көрсетуді алға қою қажет. Осы арқылы ауыл тұрғындарына көмек көрсетер едік. Отандық өндірушілерді қолдайық. Бұған байланысты сараптамалар мен есептер бар, көп жоба болмайды. Тек 20-40 көлемінде. Бұл мәселелер Үкімет деңгейінде шешіледі», - деп сенімді сөз сөйледі Тимур Құлыбаев.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы өнеркәсіптің 90%-на дейін оқшаулай алған Өзбекстанды мысалға келтірді.

«Ұлттық банк ел экономикасына көп еңбегін сіңірді. Жақында екінші деңгейлі банктер қайта жұмысын бастап, экономиканы қаржыландыра алады. Пайыздық мөлшерлемені ескеретін болсақ, тек айналмалы капитал үшін мүмкін жағдай. Ешқандай 18%-дық мөлшерлемеге инвестиция жасау мүмкін емес», - деді Тимур Құлыбаев.

Тимур Құлыбаев Шығыс Қазақстанда орнаған жағдай жайында сөз қозғады. Әкім Даниал Ахметов тұрғын үй қаржыландыруын екінші деңгейлі банктерге беруді ұсынды. Ұлттық палата басшысы арзан ипотеканы қажетсінетін халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдайтындығын мәлімдеді.

«Тұрғын үй құрылысымен біздің арамызда кім айналысады, «Самұрық Қазына» ма? Тұрғын үй құрылысы оның құзыреттілігіндегі жұмыс па? Әлде «Бәйтерек Фонды» құзыреттілігінде ме? Ол экономика әртараптандырумен айналысу қажет. Ал бізде ол тұрғын үй құрылысымен айналысатын болған. Үкіметті басқарған тәжірибелі маман, әкім де дәл соны айтуда. Бизнестің аталған мәселедегі көзқарасы дәл сондай болғандықтан ұсыныстарыңызды жеткіземіз дедік. Біз халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының тұрғын үймен қамтылуын қолдау мен осы адамдар үшін ипотеканы арзандату жолдарын талқылауымыз керек», - деді Тимур Құлыбаев.

«Атамекеннің» басшысы әртүрлі тұрғын үй фондтарына жөнелтілетін қаражатты ипотеканың пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға бағыттау керектігіне сенімді.

Қорытындылай келе Тимур Құлыбаев Үкімет отырысының барлық қатысулары мен Бақытжан Сағынтаевты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға қызығушылық білдірумен қатар белсенді ұстанымдары үшін   алғыс білдірді.

www.atameken.kz

 


ҰЛТТЫҚ ПАЛАТА БИЗНЕСКЕ ТИІМСІЗ ҚОЛДАУДЫ АЛЫП ТАСТАУДЫ ҰСЫНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.11.2017 14:06

Абылай Мырзахметов бәскеге қабілеттілікті арттыруда кәсіпорындарға жекелеп көмек көрсету керек деп есептейді

Осы мақсатта Ұлттық палата негізгі салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасын дайындады. Оның негізгі ережелерін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Ұлттық палата Төралқасының кеңейтілген отырысынды таныстырды.

Қолдау бірнеше бағытты қамтиды. Бұл салалық саясатты нақты мақсатты индикаторларды қою арқылы қалыптастыру, отандық тауар өндірушілер реестрі базасында Карта әзірлеу, реттелетін сатып алулар жүйесі арқылы салаларға қолдау көрсету және тағы басқа да мәселелерді жинақтайды.

«Зерттеу қорытындысы негізінде «Атамекен» тәжірибе жүзінде тиімді болатын салалық даму бағдарламаларын – нақты мақсаттар, нәтижелер, іс-шаралар, мерзім мен орындаушыларды қалыптастыруды ұсынып отыр. Сонымен қатар салалардың ахуалына талдау жасау керек, оның нәтижесі «Өндірісті орналастыру картасын» жасауға ықпал етеді. Оған еліміздегі өңдеу өнеркәсіпкерінің барлық кәсіпорны сала-сала мен өңірге қарай бөлініп көрсетіледі», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Басқарма Төрағасының айтуынша, Карта өнеркәсіп саясатының тиімді құралына айналады. Ол даму үшін кластерлік тізбе жасау үшін өңірлердің шынайы бағытын анықтауға мүмкіндік береді.

«Арнайы инвестициялық келісімшарт» тәсілін қолдануды ұсынамыз. Бизнес өзіне өндірісті шоғырландыруды арттыру, экспортты көбейту мен жаңа технологияны енгізу бойынша міндеттемені алады. Сонымен қатар мемлекет тарапынан реттелетін сатып алуларда ұзақ мерзімді шарттарға және басқа да қолдауларға сүйенеді», – деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

Басқарма Төрағасы кәсіпкерлердің қаржы алу мәселесіне тоқталды. Ол заңды тұлғаларға арналған несие 5,7%-ға немесе 300 млрд теңгеден астам сомаға төмендегенін айтты. Сондықтан теңдестірілген әрі үйлестірілген макросаясат қажет.

«Біз таяу арада ақша-несие саясатының ынталандыру рөлі қайта қалпына келіп, Ұлттық банктік қос мандаты бекітіліп, төмен мөлшерде несиелеумен қамтамасыз етеді деген үміттеміз», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Сонымен қатар ол салық саясаты арқылы іскерлік белсенділікті ынталандыруды қарастыратын уақыт келгеніне де назар аударды. Атап айтқанда, еңбекақы төлеу қорына ауыртпалықты 20-25%-ға дейін арқылы азайту, салық санын оңтайландыру мен шағын және орта бизнестен түсетін салықты жергілікті бюджетке беруді ұсынды. Шағын және орта бизнестің салығын жергілікті бюджетте қалдыру әкімдіктердің бизнесті дамытуын ынталандыратын жүйе қалыптастырады.

www.atameken.kz

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2017 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары