Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 28 Қараша 2017

Қала әкімі Н.Нәлібаевтың қала тұрғындарын 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.11.2017 09:41

Қадірменді қала тұрғындары, ардақты ағайын!

Сіздерді 1 желтоқсанҚазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекетіміздің мерейлі мерекелерінің бірі, Елбасы күні – ең алдымен елдікке құрметтің белгісі, халықтық мейрам.

Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті – жаңа тәуелсіз мемлекеттің шаңырағын көтеріп, тұтас халықтың ынтымағы мен ауызбіршілігін сақтап, берекесін баптап, еліміздің еңсесін тіктеп, болашаққа батыл бастап келе жатқан тарихи тұлға.

Біздің мемлекетіміз дербес ел атанып, тәуелсіздігін алған ширек ғасырдан астам уақыттың ішінде, жаһандық мәселелерді шешуде ортақ ой айта алатын, әлемдік деңгейде үздік саясаттың үлгісін қалыптастырған, экономикасы қарқынды дамушы ел ретінде барша әлем танып, мойындады.

Сондықтан бұл – татулығын ту етіп, тәуелсіздігін тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз үшін маңызы мол, бірлігі жарасқан халқымызды бір мақсатқа жұмылдырар тарихи тағылымы терең мейрам.

Осынау айтулы мереке күні баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.

Елімізде тыныштық, халықтың бiрлiгi мен ынтымағы арта берсін!

Ізгі ниетпен,

Қызылорда қаласының әкімі

Н.Нәлібаев

 

 


Алғашқы жоба қаржыландырылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.11.2017 09:28

Қызылордада «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Даму» Қорының кепілдендіруімен алғашқы жоба қаржыландырылды.

Бизнес дамытуға 6% сыйақымен кепілсіз берілетін несиені Бақытжан Боданов басқаратын «Мейіржан» жеке кәсіпкерлігі алды. Бақытжан Пазылұлы несие қаражатын айналым қаражатын толтыруға және мүйізді ірі қара басы мен жылқылар сатып алу арқылы сиыр мен жылқы етін өндіру көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Мемлекеттік бағдарламаға қатыспас бұрын ол өзін-өзі қамтушы ретінде мал шаруашылығын жүргізіп, сауда нүктелері арқылы ет-сүт өнімдерін өткізумен айналысты.

Шығарылатын өнімге сұраныстың көбеюімен Бақытжан Боданов өз кәсіпкерлігін кеңейтуді қолға алды. Кәсіпкер «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жайында естіді және кеңесші Бағдат Жомартов оған жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге көмектесіп, екінші деңгейлі банктен несие алу үшін қажетті құжаттарды дайындауға сүйемелдеу қызметін көрсетті.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ҚОФ «Мейіржан» жеке кәсіпкерлігі ұсынған бизнес-жоспарды қарастырып, Бақытжан Бодановтың старт-ап жобасына 10 млн теңге несие беруді мақұлдады. Сонымен қатар «Даму» Қорының 85% көлемде кепілдендіруінің арқасында кәсіпкер тек 1,5 млнтеңге депозит ұсынды.

- «Даму» Қоры тарапынан маған көрсеткен сапалы кеңес пен сүйемелдеу қызметіне алғыс айтамын. Қолжетімді бағдарламаның арқасында шағын бизнесімді кеңейтіп, табысымды арттыруды көздеймін, - дейді Бақытжан Боданов.

Еске сала өтсек, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында бизнесті бастау немесе оны дамыту мақсатында Қызылорда облысы бойынша келесі Екінші деңгейлі банктерден, яғни «Сбербанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «АТФ Банк» АҚ несие рәсімдеуге болады. Бағдарламаға жұмыссыз, бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлер қатыса алады. Қаржыландыру бағыты сауда саласының айналым қаражатын толтырудан басқа кез келген бизнес түріне беріледі. Несие бойынша сыйақы мөлшері 6% ғана.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша толық ақпарат алу үшін немесе өзге де кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалар бойынша кеңесті "Даму" Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан келіп білуге немесе 55-11-18 телефоны бойынша кеңес алуға болады.

«Даму» Қоры облыстық филиалының баспасөз қызметі

 


Киелі Шиелі, жоспары жүйелі PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.11.2017 09:19

Жақында ғана Шиелі ауданына әкім болып тағайындалған Әшім Оразбекұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз брифингін өткізді. Айта кетейік, жаңа басшы осы өңірдің төл тумасы және бұған дейін де біраз лауазымды қызметтерді атқарған. Демек, өңірдің хал-ахуалын бір кісідей біледі деген сөз.

Жыл басында аудан қазынасы бюджеттік несиелерді қоса есептегенде 13 млрд 100 млн теңге көлемінде бекітілген. Алғашқы тоғыз айдың қорытындысы бойынша аудандық бюджеттің өз кірісі – 1 млрд 450 млн теңге. Өңір басшысы Әшім Оразбекұлының айтуынша, жоспар 113,4 пайызға орындалған. Қазіргі таңда Шиелі ауданы аграрлы аймақтан аграрлы-индустриялды аймаққа айналуда. Осы мақсатта бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылу үстінде. Ауданда өнеркәсіп орындары бүгінге дейін 19 млрд 692 млн теңгенің өнімін өндірген. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнімі 5 млрд 372 млн теңгені құраған. Мемлекеттік индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Шиеліде 3 жоба бойынша жұмысы басталды. Олар:

– жылына 1 млн тонна томпонажды цемент өндіруге қауқарлы «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің жобалық құны – 64 млрд теңге. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Болашақта мұнда 260 жаңа жұмыс орны ашылып, онда 1200-ден аса адам еңбек етпек;

– 2012 жылдан бастап «Бала Сауысқандық» кен орнында қара тақта тасты автоклавты тәсілмен өңдеу қолға алынды. Жобаның құны – 35 млрд теңге. Негізгі өнім – ванадий пятиокисі, феррованадий, алюмованадий, молибденді концентрат, углерод. Бүгінде өнімнің 40 тоннасын Тайвань мемлекетіне, 20 тоннасын Ресейге жіберген;

– биылдан бастап өңірлік картаға енгізілген «Тан ЛТД» ЖШС-нің жоба құны 397 млн теңге тұратын «Күріш және құрама жем өндірісі» жобасы. Қуаттылығы жылына 9 мың тонна күріш ақтайды. Сонымен қатар 3 мың тонна құрама жем өндіре алады. Бұған мемлекет тарапынан зауыт құрылысы үшін 30 гектар жер телімі, 5000 гектар жер телімі егіндік мақсатта табысталды. Аталмыш жоба толық іске қосылғанда 60 адам тұрақты жұмысқа қабылданады.

Бүгінде өндірісті өңірде 4625 кәсіпкер тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда бизнеске бет бұрғандар саны көбейген. Олар 7646 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Кентте инфрақұрылымы жүргізілген индустриялды аймаққа 96 гектар жер телімі берілген. Онда аймақ үшін аса маңызды 6 жобаға 62,5 гектар жер телімі табысталған. Сондай-ақ, жыл соңына таман «Шиелі Жолшы» ЖШС-нің «Асфальт бетон өндіру» зауытын іске қосу жоспарланып отыр.

– Ауданда алма бағын өсіру мақсатында 178 гектар жер телімі ұсынылды. Атап айтқанда, 46 гектар жер кәсіпкерлерге сауда-саттық арқылы табысталды. 48 мың түп алма көшеттері отырғызылды. Оларға мемлекеттік қолдау ретінде 20 млн теңге инвестициялық субсидия төленді, - деді аудан әкімі Әшім Оразбекұлы.

Жері дән тастасаң, бау болатын ауданда 29663 гектар егіс алқабы бар. Кетпен-күрегін сайлаған диқандарға мемлекет тарапынан 544 млн 253 мың теңге субсидия төленген. Сонымен қатар шаруашылықтар лизингке 838 млн 942 мың теңгеге 9 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған. Шаруалардың тынымсыз тірлігінің арқасында биыл қамбаға 79 мың тонна күріш, 39 мың тонна көкөніс, 26 мың тонна картоп, 59 мың тонна бақша өнімдері және 49 мың тонна жоңышқа жиналды. Ал ата кәсіпті жетілдіруде аталмыш өңір алдына жан салмай келеді. Басым бөлігі мемлекеттік бағдарламаларды ұтымды пайдаланып отыр. Дәл қазір аудандағы мүйізді ірі қара – 49132, уақ мал – 78875, жылқы – 12808, түйе – 1342, құс 27651 басқа жеткен. Нәтижесінде Шиелі ауданы биыл «Алтын дән – 2017» мерекесінде мал шаруашылығын дамытуда «Озат аудан» номинациясын еншіледі.

Былтыр жеке кәсіпкер Сабыр Ермаханов 60 млн теңгеге түйе сүтін өңдейтін «Ару Ана» шұбат цехын іске қосты. Мұнда тәулігіне 400 литр өнім өндіріледі. Сондай-ақ, 1 тонна сиыр және түйе сүтін өңдеп, одан қаймақ, йогурт, айран, сүзбе, құрт өнімдерін нарыққа шығаруда. Ал «Мөлдір и К» серіктестігінің жанынан құрылған «Шиелі құс» фермасының құрылысына 165 млн теңге инвестиция салған. Бүгінде 11 мың бас тауықтан күніне 10 мың дана жұмыртқа өндірілуде.

Қызметіне енді ғана кіріскен Әшім Оразбекұлы алдағы жоспарларымен де бөлісті. Ол ауданда балық шаруашылығын жетілдіруге күш салатындығын жеткізді.

Халық-хабар

 


Ақындар Асқарды жырлады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.11.2017 12:28

Апта басында Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Сыр елінің саңлағы, сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтың шығармашылығына арналған “Жауһар жырдың Асқары” атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген жыр додасының мақсаты мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру, талантты жазба ақындардың шығармаларын көпшілікке таныту және оларға қолдау көрсету болып табылады.

Шараға қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов қатысып, ақындарға сәттілік тіледі. Қызылорда қаласынан және барлық аудандардан қатысқан 11 ақын “Арман сол – қалсам елдің Асқары боп...” атты бірінші кезеңде ақынға арнауын оқыса, “Сөзі – жебе, сардар ақын” атты келесі кезеңін ақынның сатиралық өлеңін оқумен жалғады.

Ақындардың өнеріне Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Қаршыға Есімсейітова, “Әлімсақ” журналы мен “Ұстаз мәртебесі” газетінің бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы және халықаралық “Шабыт” фестивалінің жүлдегері, ақын Назгүл Бердіқожалар баға берді.

Жыр бәйгесінің қорытындысында ІІІ орынды Сырдария ауданының ақыны Сұлтанбейбарыс Бақытбек иеленсе, ІІ орынға аралдық Алтынбек Қыстаубаев лайық деп танылды. Ал, І орын шиелілік ақын Бекжан Ержігіттің қанжығасында кетті. Бас жүлдені сырдариялық Ақтөре Ибрагимұлы иемденді. Сонымен қатар, “Өткір тілді”, “Ұшқыр қиял” номинацияларын Мадияр Оспанов, Гүлмира Жусанбаевалар өзара бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Халық-хабар

 


Күнтізбе

< Қараша 2017 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары