Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 27 Қараша 2017

«Алтын сапа»: «Абзал және К» ТС – Nestle компаниясының әріптесі PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.11.2017 09:17

Желтоқсан айында «Атамекен» ҰКП-ның ұйымдастырумен Астана қаласында өтетін «Алтын сапа» сыйлығына Қызылорда облысынан екі компания қатысады. Екеуі де облыстың ғана емес, республиканың бренді - «Арал тұз» АҚ мен «Абзал және К» ТС.

Бүгін біз республикалық шараға қатысушылардың бірі «Абзал және К» ТС-і туралы айтпақпыз.

«Абзал және К» ТС - ауылшаруашылық саласында, оның ішінде еліміздің күріш индустриясы саласының қарқынды дамып келе жатқан компанияларының бірі. Компания республика бойынша күріш өндірісі үздіктерінің үштігіне сенімді түрде кіреді, күрішті өндіру және өңдеу қызметімен айналысуда және ауылшаруашылық саласына инвестиция құюда.

Компания 1994 жылы Қызылорда қаласында құрылған. Алғашқы 9 жылда күріш сатумен айналысқан. 2003 жылы Компания дамуының маңызды кезеңдерінің бірі басталды, облысқа қарасты Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов және Бесарық ауылдарынан әрқайсысынан 600 гектар жерге күріш егуді бастайды және жыл өткен сайын егістік көлемін арттыра береді.

Нәтижесі де көп күттірмеді. Компания екі шаруашылықтан 2003 жылы 4380 тонна өнім жинаса, 2005 жылы бұл көрсеткіш 16 400 тоннаны көрсетті. Уақыт компания басшылығына өз өнімдерін өңдеп шығаратын зауыт ашу қажеттігін көрсетті.

2005 жылы «Абзал және К» ТС Корей Республикасынан қуаттылығы сағатына 5 тонна күріш ақтайтын зауыт сатып алады. Сапалы өсіріліп, жоғары технологиялы зауыттан шыққан өнімдер 2010 жылдан бастап ішкі нарықтан өзге алғашқы экспортын Түркменстанға шығарады.

ТМД елдерінің нарығына жолдың ашылуы күріш алқаптарының көлемін арттыруға да себеп болады, яғни 2005 жылы 4000 гектар күріш алқаптары болса, 2010 жылы 5250 гектарға жетеді. Сондай-ақ, күрішті өндірудің 5 жылдық тәжірибесі орташа өнімділіктің артуына негіз болады, 2005 жылы Нағи Ілиясов атындағы ауылда гектарына 42 центнер болса, 2010 жылы 62 ц/гектарға жетті және Бесарық ауылында 2005 жылы 38 ц/га болса, 2010 жылы 51 ц/га-ға жетті. Осылайша қара күріштің жалпы өнімі 2005 жылы 16 400 тоннадан 2010 жылы 30 270 тоннаға дейін көбейді. Осы жылы компания екінші күріш ақтайтын зауыт алуды шешіп, қуаттылығы 5 тонна/сағат Қытай өндірісінің зауытын алып, іске қосады. Ал 2016 жылы аталмыш зауыт Германия елінің құрал-жабдықтарымен жетілдіріледі.

Бүгінде компания «Янтарь», «Лидер», «Анаит», «Фаворит» ақ күріштерін, «Камолино» күріш жармасын түр-түрімен, күріш ұсағы, күріш жемі, туралған және туралмаған күріш қауызын өндіреді. Өндірістің ең көп ауқымды бөлігін «Янтарь» ақ күріші, «Лидер» ақ күріші және «Камолино» күріш жармасының түрлі сұрыптамасы құрайды.

«Абзал және К» ТС-нің негізін қалаушы - «Еңбек Ері» Абзал Ералиев. Бүгінде компанияға Мұрат Сәрсенбаев басшылық жасайды.

«Күріш индустриясы нарығында жүргенімізге 23 жыл болды. Бүгінде күріш тұқымынан бастап еліміздің барлық аймағы мен ТМД елдеріне тасымалдаудан тұратын толық жүйені қалыптастыра алдық. Өзіміздің егіс алқаптарымыз, өз зауытымыз бен логистика қызметіміз бар. Мекемемізде 350 адам жұмыс істейді. Бүгінде тауарымыздың 50 пайызы ТМД елдері мен Монғолияға экспортталады», - дейді компания директоры.

«Абзал және К» ТС өз өнімдерін Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ауғанстан мемлекеттерінің нарығына шығарады. Компанияның негізгі сатып алушылары азық-түлік сатумен айналысатын сауда компаниялары, сауда орталықтары және жарманы буып-түйетін компаниялар болып табылады.

Компанияның тұрақтылық пен орнықтылығының дәлелі ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бекітуімен өтетін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» республикалық конкурсына қатысып, жеткен жетістіктерін айтуға болады. Аталмыш конкурстың 10 жылдық тарихында компания үш мәрте жеңімпаз атанды, екі мәрте Алтын белгімен марапатталды. Енді Ел президентінің «Алтын сапа» байқауында бақ сынап көрмек.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ҚАРМАҚШЫДА ЖУРНАЛИСТЕР АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІН САРАПҚА САЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.11.2017 15:05

Көркем сөз бен көрікті ойдан кесте тіккен тілшілер еңбегі ел үшін әрқашан ерек. Өмірдің сан тараулы салаларындағы жаңалықтармен жұртшылықты ақпараттандырып, азаматтық, демократиялық құндылықтарды арттыратын сегіз қырлы, бір сырлы жандар тек қалам тербемей, спортта да бағын сынады.

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жəне "Қармақшы таңы" газетінің 85 жылдығына орай, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Қармақшы ауданы әкімінің кубогы сарапқа салынды. Екінші рет ұйымдастырылған доп додасына республикалық, облыстық телеарналардан бөлек, «Жаңақорған тынысы» және «Қармақшы таңы» газеттерін қосқанда барлығы 7 команда қатысты. Түрлі турнирлерде жолдары түйісіп жүрген ойыншылар бір-бірінің осал тұстарын жақсы біледі. Сондықтан жіті дайындықпен келген жеті команда да жақсы ойын өрнегін көрсетті.

Тартысты өткен турнирде былтырғы ойынның финалистері, аймақтың жетекші «Қызылорда» телеарнасынан құралған команда топ жарды. Екінші орынға «Жаңақорған тынысы» газеті тұрақтаса, үшінші орын «Меншікті тілшілер» командасына бұйырды. Сондай-ақ, ойында жақсы өнер көрсеткендер «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік қақпашы» номинацияларымен марапатталып, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудан әкімінің кубогы мен медаль және бағалы сыйлықтарын иеленді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


Сырдариядағы серпін PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.11.2017 14:42

Өткен аптада Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне брифинг берді. Онда ауданның тыныс-тіршілігінен толыққанды ақпарат берген ол аймақ дамуы үшін әлі де белсене жұмыс істейтінін жеткізді.

- 2017 жылға арналған аудандық бюджет 7622,6 миллион теңге, оның ішінде өз кірістері 5352,8 миллион теңге көлемінде нақтыланды. Аудан бойынша Ағымдағы жылдың қарашасына шығындар жоспары 99,1 пайызға орындалды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау есепшоттарына 34,3 миллион теңге түсіп, оның 27,3 миллион теңгесі елді мекендерді көркейту-көгалдандыру, абаттандыру т.б. мақсаттарға жұмсалды, - деді аудан әкімі.

Оның сөзінше, жыл басынан бергі нәтиже бойынша ауыл шаруашылығы саласының барлық бағытында өсім бар. Егінжай еңбеккерлерінің осы жылғы қорытындысын сараласақ, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 9 миллиард 818,6 миллион теңгені құраған. 32 616 гектар жерге дақылдар егіліп, оның ішінде 20 819 гектар күріштен 114 мың 565 тонна күріш салысы жиналып, орта есеппен әр гектардан 55 центнер өнім алынған.

Ал мал шаруашылығының дамуына келсек, мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 353 бас аналық сиыр, 20 бас асыл тұқымды бұқа, «Құлан» бағдарламасы негізінде 70 бас бие, 4 бас асыл тұқымды айғыр сатып алынған. Осылайша аудан жұртшылығы кәсібін дөңгелетуде мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалануға көшкен. Нәтижесі де жоқ емес. Ауыл шаруашылығының өрісін өркендету барысын бағамдағанда аймақтағы «Ақжарма-Инвест», «Ақжарма Ынтымақ» АӨК» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері туралы айтпай өту мүмкін емес. Бүгінде қос кооператив 126,8 миллион теңге несие алып, 852 бас мүйізді ірі қара малының сүтті тұқымдарын көбейтуге атсалысуда. Сондай-ақ, Жетікөл ауылдық округінен 22 өзіндік қосалқы шаруашылықтары бірігуі арқылы құрылған «Жыңғылдыкөл» АӨК» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 20 миллион теңге несие алып, мал өсіруде. Қазіргі таңда олар 120 бас мүйізді ірі қараны ет өнімін алу мақсатында бағып отыр.

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы деңгейі жоғары. Айталық, бөлшек сауда айналымы биылғы 10 айда 998,0 миллион теңгені құраған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 56,2 пайызға өскенін білдіреді. Ауданда «Бизнестің жол картасы 2020», «2016-2020 жылдарға арналған «Даму», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты жүргізіліп келеді. Бұл жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттырумен қатар аудан экономикасының дамуына елеулі әсер етеді.

Халықтың материалдық тұрғыдан аз қамтылған бөлігін мемлекет тарапынан ұсынылған бағдарламалар арқылы қолдау аймақта белсенді жүзеге асырылуда. 2017 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 318,0 мың теңге бөлініп, жұртшылықтың тұрмысын жақсартуға жағдай жасалып отыр.

Ғ.Қазантаевтың сөзінше, ауданда үш ауысыммен оқитын, апаттық жағдайдағы мектептер мүлдем жоқ және мектептерде орын жетіспеушілік мәселесі де шешілген. Бұл оқушылардың білім алуы үшін маңызды түйткілдің қатарында. Енді болашағымыздың тұтқасы жас өркен жақсы оқып, ізденімпаз болса, жетіп жатыр.

Осылайша Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев аудан көлемінде атқарылған ілкімді істердің тиегін ағытты. Елде әлеуметтік, білім, спорт, мәдениет салалары серпінді даму үстінде. Ал кәсіпкер боламын деушілердің қатары қалың. Оны аудан кәсіпкерлерінің қарқынды жұмысынан байқауға болады. Ал ешбір адамы жұмыс істемейтін, тұрмысы төмен отбасыларға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау білдірілуде. Осы арқылы тұрмыс тауқыметін тартқандар ахуалын жақсартуға зор мүмкіндік алған. Тұрғындар дән риза. Ең бастысы, сол халықтың ризалығы, жұртшылық сенімінің ақталуы емес пе? Сырдариялықтардың келелі істеріне көз жүгіртсек, әкімдіктің бұл үдеден толықтай шығып отырғаны байқалады.

Ж.Қойшыбекова

 


Қолдау қанаттандырады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.11.2017 14:20

Бизнесте жетістікке жетудің басты құпиясы – жылдам әрі тез әрекет ету. Қарекетің болмаса, берекетің болуы да екіталай дүние. Дүкен ашып, «кәсіпкермін» деп кеуде қағуыңыз да – қателік. Өйткені тұрғындардың талғамы кешегіден тәуір. Сапалы қызмет қашаннан сұранысқа ие. Ал сұраныс мол болса, көздеген межеңізге мерзімінен бұрын жетесіз. Арал ауданына жасаған сапар барысында көкейге түйгеніміз осы. «Үкімет мені асырайды» деген масылдық сананың дәуірі өтті. Әркім қажетіне қарай қамдануы тиіс. Бұл билік жұртына жәрдемдеспейді деген сөз емес. Қолыңа «қармақ» береді, қалғаны – өз шаруаң...

Бүгінде Арал қаласының өзінде 2500-ден аса кәсіпкер тіркелген. Оның 2 мыңға жуығы тұрақты түрде жұмыс істеуде. Өткенде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру арқылы жетістікке жетуге болатындығын тәптіштеп түсіндерді. Бұған мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектерде қисап жоқ. Ынтасы бар азаматқа дем беру – жергілікті биліктің басты міндеті. Сапар аясында Жақсат есімді жас кәсіпкермен жүздестік. Ә дегеннен әңгімеге тарттық. Ол аудан орталығының батыс беткейінен жаңадан автобекет тұрғызыпты. Ат шаптырым аумақты алып жатқан кешенде қажеттінің бәрі қамтылған. Жолаушыларға арналған күту залы, медициналық пункт, асхана, касса, дәріхана, дүкен және ана мен бала бөлмесі бар. Барлығы да мемлекеттік стандартқа сәйкестендірілген. Бір мезгілде 5 автобус пен 20 жеңіл автокөлік орналаса алады. Шамамен, күніне 200-300 жолаушы жөнелтуге мүмкіндік жасалған. Қазіргі таңда ауданда 21 ауылдық округ, 2 кент, 51 елді мекен бар. Орта есеппен жылына 150 мыңнан аса келімді-кетімді кісіге қызмет көрсетпек.

– Автобекет ресми түрде 1 желтоқсанда жұмысына кіріседі. Бұл жобаға 80 млн теңге қаржы жұмсадық. Жергілікті әкімдік инфрақұрылымды жасақтап берді. Болашақта осы автобекет аумағынан жабық сауда алаңын салуды көздеп отырмыз. Қазір 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік,- дейді «Жақсат и К» ЖШС-нің директоры Жақсат Исаев.

Арал қаласында түйе жүнінен көрпе тігілуде. Ол «КZ» маркасымен нарыққа шығуда. Кәсіпкер Индира Жұмашеваның айтуынша, Солтүстік Қазақстаннан сұраныс жоғары деңгейде екен. Бағасы да қалтаға қонымды. Әуелгіде бизнесін бастамас бұрын ол мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алған. Кейіннен кәсібі өрге домалап, бүгінгідей дәрежеге жеткен. Қазір қарамағында 15 адам қызмет етеді. Кешенде перде, қыз жасауы сатылады және шаштараз, шеберхана жұмыс істейді. Келешекте кешенді кеңейте түсуді жоспарлап отыр.

Аралдың батыс беткейінде базар ашылды. Күні кешеге дейін тұрғындар азық-түлігін сонау орталықтан арқалап келетін. Жергілікті жұрт «Жаңа ауыл» атап кеткен ықшам ауданда тұрғызылған «Ер-Ай» сауда кешенінде керектінің бәрі бар. Көкөністен бастап, қажетті тұрмыстық тауарлар да сатылуда. Саудагерлерге бұл базар өте қолайлы. Себебі қажетті тауарларды кешен басшылығы арзан бағада тасымалдайды. Яғни, жеткізіп берумен базар басшылығының өзі айналысады. Мұнда асхана, ет өнімдері, зат сақтау қоймалары және ет сапасын тексеретін арнайы зертхана бар. Ең ерекше тоқтала кететін жайт, кәсіпкерлердің көпшілігі бұрын-соңды сауда-саттықпен айналысып көрмеген. Барлығы да «0»-ден бастағандар. Осыны ескерген орталықтың иесі Еркін Жандәулетов алғашқы екі-үш айда алым-салық алынбайтынын айтады.

Өз қаржысы есебінен кәсіп бастағандардың да қатары қалың. Солардың бірі – Әлішер Маханов. Осыған дейін тапқан-таянғанын жинақтап, аудан орталығынан «Мансур» құрылыс кешенін ашқан. Мұндағы тауар бағасы базарларға қарағанда әлдеқайда арзан. Сондықтан келушілер көп. Қазіргі таңда 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, кешеннің жанында көлік жуу алаңы да орын тепкен.

– Тауарларды Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалаларынан әкелеміз. Базар бағасынан 10-15 пайыз арзан. Жеткізіп беру өз есебімізден жүргізіледі. Егер жұмыс алға басып жатса, тағы да қызметкерлер аламыз,- дейді Әлішер Маханов.

Жас кәсіпкердің сөзіне сенсек, болашақта «Дарын» оқу орталығын ашпақ ниетте. Бүгінде оған қажетті құрал-жабдықтарын дайындау үстінде.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржы алып, бизнесін одан әрі өрістеткендер де жоқ емес. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкер Мейрамбек Құлмырзаев 47 млн теңге несие алған. Оған сағатына 65 тонна асфальт шығаратын зауытты іске қосқан. Бүгінде зауыт жұмысқа толықтай қабілетті. Келесі жылдан бастап алғашқы өнімін шығармақ. Мейрамбектің айтуынша, бұған сұраныс өте жоғары. Қазіргі таңда қарамағында 20 адам еңбек етеді. Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында 2 млн 300 мың теңге несие алған Ердана Сатыбаев ет бағытында жұмыс істеуде. Ол мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектің арқасында мүйізді ірі қара сатып алған. Қазір түліктің санын арттыруда. Жас кәсіпкердің әкесі Әскербай Сатыбаев алдағы уақытта ата кәсіпті одан әрі жандандырмақ. Кәсібін кеңейтіп, құс бағытында да жұмыс істеуді межелеп отыр.

Түйін. Шындығында, кәсіп бұл үлкен тәуекелді қажет етеді. «Батылың жетпесе, бизнес бастама». Әлемге танымал белгілі магнаттардың сүйенетін сөздігі. Ал біз барған кәсіпкерлердің басым бөлігі – мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерге қол жеткізген жандар. Кейіннен осы саланың «қазанында қайнағандар». Бүгінде олар тек өзін ғана емес, тұрғындарды да тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Міне, мемлекеттің де алдына қойып отырған басты миссиясы – осы.

Қозы Көрпеш  Жасаралұлы,

Н.Нұржаубай  (сурет)

 


Күнтізбе

< Қараша 2017 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары