Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Жұма, 24 Қараша 2017

САҒЫНЫШТАН АРНАЙМЫН ЕЛІМЕ ЖЫР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.11.2017 17:54

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Кәсіби бағдар беру және даярлау бөлімінің студенттері білім ордасының 80 жылдық мерекесіне орай "Сағыныштан арнаймын еліме жыр" атты мерекелік концерт ұйымдастырды.

Айта кетейік, мерекелік кешке Қытай, Өзбекстан және өзге де шет мемлекеттерден келіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде даярлық курсынан білім алып жатқан қандастарымыз мұрындық болып отыр.

Кеш барысында Оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректор Б.Абдикаримов білім ордасында тәлім алып жатқан студенттердің алдағы өмір жолдарына сәттілік тілеп, алдағы уақытта университеттің мәдени іс-шараларында шетелдік қандастарымыздың да өнер көрсетуге жол ашық екендігін жеткізді.

Сонымен қатар студенттер 80 жылдық мерекеге орай университетке арнайы естелік сыйлықтарын табыстады. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

ҚМУ-дың  баспасөз  қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.11.2017 17:52

Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі лауазымына Ідірісов Бақытжан Жеткерұлы тағайындалды.

Б.Ідірісов 1971 жылы туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Биология және химия пәнінің мұғалімі», сондай-ақ «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Қармақшы аудандық жас табиғатшылар станциясының үйірме жетекшісі ретінде бастаған.

1994-2004 жылдары білім беру саласында және ішкі саясат басқармасында жауапты қызметтер атқарған.

2004-2012 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, кадр жұмысы, әлеуметтік-саяси бөлімдерінің меңгерушісі, облыс әкімі орынбасарының көмекшісі.

2012-2017 жылдары облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары, облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.

2017 жылдың сәуір айынан бастап осы кезге дейін облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА «АНАЛАР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.11.2017 17:40

Мемлекет Басшысының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қызылордада "Аналар аллеясы" ашылды.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Бегім ана көшесіндегі "Ана бақыты" ескерткіші жанынан бастау алатын аллеяның ашылуымен қала тұрғындарын құттықтады.

"Ұлтымыздың арғы-бергі шежіресінде еріне адал жар, баласына ардақты ана болуымен ұрпаққа өнеге, отбасына ұйытқы, ұлтқа ұран болған Аналарымыз баршылық. Тарихтың қай парағын ақтарсаң да қаны асыл, жаны текті апа-аналарымыздың өнегелі ісі, айшықты жүзі мен ғибратты сөзіне қанасың. Бегім сұлу, Құртқа, Қыз Жібек, Қарашаш, Айман, Домалақ ана сияқты ақылы асқан, дана апа-аналарымыздың бейнесі асыл мұра ретінде ұрпағының санасында. Бұл жер анасы мен баласының, отбасылардың демалып, тәрбиелік мәні бар кездесулер өткізетін, Елбасының айтуынша, «Алаштың анасы – Сыр өңіріндегі» бірден-бір сүйікті орнына айналуына тілектеспін", - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, аллея құрылысына «Абзал и К» компаниясы 44 млн теңге бөлді. «Ана бақыты» ескерткішінің авторы - мүсінші Ағабек Назаров, биіктігі - 5,5 метр.

Қызылорда облысында 34700 көпбалалы ана бар. Оның 17742-сі - "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегері.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Кәсіпкерлік – жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір жолы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.11.2017 15:18

Осы сәрсенбіде Жалағаш ауданына жол түсті. Қағаз бен қаламды түгел сайлап, аудандағы кәсіпке бет бұрған бірқатар ұжымның жұмысын, игілікті істерін насихаттау мақсатындағы біркүндік сапарымыз сәтімен болды. Баспасөз туры барысындағы әріптестердің тың жаңалық таңдаудағы талпынуы, өзгеше мәлімет іздестірудегі өзіндік белсенділігі қуантты. Әрине, жүрген аяққа ғана жөргем ілігетіні тағы бар ғой. Сонымен, Жалағаш ауданына жоспарланған жолсапарда дәл жаңағы аяққа іліккен жөргемдей, қаламға іліктіргеніміз төмендегідей болды.

Негізі, журналистің қызметі – бейтарап болу. Демек, барды бар, жоқты жоқ деп ашық айту да қызметіне жатады. Шынын айту керек, кейінгі кезде кәсіпкерлікке бағытталған жобалар мен қолдаудан көп нәрсе жоқ. Барлығы бірдей жұмысынды жандандырып жібереді деуден де аулақпыз. Десе де, әлгі қолдаудан кәсібін дөңгелетіп, ешкімге қол жаймай, қатарының алды болып жүргендер арамыздан табылады. Мұндай кәсіпкерлерді жалағаштық ағайынның қатарынан да көріп қайттық.

Аудандағы алғаш аялдаған жеріміз кентте орналасқан “Өркен Әлем” ЖШС-нің “Арнайы киім тігу шеберханасы” болды. 2016-2017 жылдар аралығында құрылған серіктестіктің құны – 38,2 млн теңге. Көлемді соманы құрайтын жобаға мемлекет тарапынан 1,0 га жер телімі алынған. Осылайша, серіктестік басшысы кент орталығының батыс бөлігінде орналасқан “Серпін” индустриалды өндіріс аймағынан шеберхананың іргетасын қалады. Жоба толыққанды іске қосылған жағдайда 40 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ал, қазіргі таңда шеберхана 28 адамды толық жұмыспен қамтып отыр. “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының” бірінші бағыты бойынша Тезеңөзектегі кәсіптік колледжде 20 адам тігінші мамандығын 3 ай оқыпты. Дәл сол мамандар бүгінде шеберхананың жұмысын жүргізіп, сапалы тауар шығарумен айналысуда.

Соңғы үлгіде жабдықталған шеберханадан шаттанып шыққан тілшілерді Жаңаталап ауылдық округіндегі ЖК “Айзере” жүн түтетін цехы күтіп тұрған еді. Осы жылдың тамыз айында жеке кәсіпкер Мейрамкүл Романқұлова “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы” бойынша 1 млн теңге жеңілдетілген несие алып, жүн түтетін цех ашты. Сонымен қатар, “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасының гранттар беру бағыты бойынша мемлекет тарапынан 600 мың теңгенің грантын иеленді. Талдықорғаннан алған аппараттың қазіргі жұмысы қарқынды. Кәсіпкер алдағы уақытта жіп иіретін машина алуды жоспарлап қойыпты. Ол кезде жұмыстың ауқымы да кеңейе түсетіні сөзсіз.

- Бала күнімнен қазақтың қолөнеріне қатты қызығатынмын. Осы мақсат жетелеп, талаптанып ауыл әкіміне бардым. “Мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер қарастырылып жатыр екен, оны қалай алуға болады, кімдер алады, қандай құжаттар керек?” деген секілді бірқатар сауалдарға жауап алып, жұмысымды бастадым. Негізгі мақсатым – киіз үйдің барлық жабдықтарын жасап шығару, - дейді Мейрамкүл Романқұлова.

Осы күні 3 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер “қазақтың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерін жаңғыртып, қазақылықтың бойына қан жүгіртсем” деп армандайды.

Келесі бағытымыз Мәдениет ауылдық округі болды. Онда “Микробизнес Қызылорда” бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Рсалды Шарафадинованың 50 орындық “Жанайым” жеке балабақшасы орналасқан. 5,8 млн теңгеге қаржыландырылып, қазан айында жұмысын бастаған балабақшада “Қарлығаш”, “Құлыншақ” атты екі топ жұмыс істейді. Қазіргі таңда орталық 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Жалағаштағы жоспарланған нысандардың соңғысы “Сәйгүлік” ШҚ болатын.

- “Сәйгүлік” шаруа қожалығы 1998 жылы сәуір айында құрылды. Сол уақыттан бастап егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын қатар алып келеміз. Яғни, күріш, жоңышқа, көкөніс түрлерінің барлығын егіп, жыл сайын жоспарға сәйкес өнім аламыз. Әуелде уақ мал өсіруден бастап едік, қазір ірі қараға ойыстық. Жұмысты өз балаларым мен туыстарым жүргізіп отыр десем болады. Шаруашылық еншісінде 234 гектар жер бар, оның 105 гектары ауыспалы егістікте болса, 129 гектары – жайылымдық жер, - деді шаруашылық төрағасы Қабылбек Нұрмағанбетов.

Жұмысын жандандыру мақсатында 2013 жылы “Сыбаға” бағдарламасымен “Ауыл кредиттік серіктестігі” ЖШС-нен 5,0 млн теңге несие алып, оған 2 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа мен 33 бас жергілікті аналық сатып алады. Бүгінгі күні оны 147 басқа жеткізіп отыр. 2017 жылы әр жүз аналықтан 62% төл алды. “Шаруашылықтың арқасында біз “ауылда да жақсы тұрмыс құруға болады, ауылда да жақсы өмір сүруге болады” дегенді дәлелдеп, көрсетіп келеміз. Алдағы уақытта елдің азаматтарын осы кәсіпке тарту жолын мықтап қолға алсам деймін”, - дейді Қабылбек ақсақал. Аудан төңірегіндегі қоғамдық-әлеуметтік шараларға да белсене қатысатын қожалық басшысы жастарға қазірден кәсіпке бет бұруға асығу керектігін де айта кетті.

Жалпы, сөз басында айтқанымыздай, мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер, қолдаулар жасалып-ақ жатыр. Екі қолға бір күрек табылады деп, аяқты аспанға көтеріп жататын уақыт кетті. Жалпылама алғанда облыстағы жұмысқа жарамды халықтың үштен бірі осы шағын және орта бизнесте ақша айналымын тұрақты етіп, тірлік етіп жатыр екен. Демек, аудандағы кәсіпкерлікке бөлінген таудай көңілдің арқасында ондағы жұртшылықтың тұрмыс-тіршілігі түзеліп келе жатыр дей аламыз. Өйткені, кәсіпкерлік – жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір жолы.

Рыскелді ЖАХМАН,

Жалағаш ауданы

Суретті түсірген Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

 


Күнтізбе

< Қараша 2017 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 25 26
27 28 29 30      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары