Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 23 Қараша 2017

«Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорнына жаңа басшы келді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.11.2017 10:31

2017 жылдың 21 қарашасынан бастап облыс әкімі Қ.Көшербаевтың келісімімен «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры болып Нұрмағанбетов Руслан Аймырзаұлы тағайындалды.

Руслан Аймырзаұлы 1983 жылдың 1 тамызында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2006 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Инженер - электромеханик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Электромонтажавтоматика» ЖШС инженер ретінде бастаған.

2007-2008 жылдары облыстық қаржы басқармасының жетекші маманы;

2009-2014 жылдары ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің техникалық инспекторы;

2014-2015 жылдары облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары;

2015-2017 жылдары «Қызылорда элетр тарату компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;

2017 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК директорының орынбасары қызметін атқарған.

 


Қызылжарма ауылдық округіне әкім тағайындалды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.11.2017 09:54

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 17 қазандағы №46/60 қаулысымен Қызылжарма ауылдық округі әкімінің сайлауы 2017 жылғы 22 қарашаға белгіленген болатын.

Осыған сәйкес, 2017 жылғы 22 қарашадағы өткізілген сайлау нәтижесімен Қызылжарма ауылдық округінің әкімі қызметіне  Ибраев Нұрболат Балтабайұлы тағайындалды.

Нұрболат Балтабайұлы 1988 жылы 30 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2010 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін «қаржыгер» мамандағы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы жеке кәсіпкер ретінде бастаған.

2009 жылдан бастап «Нукаш – 7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры;

2016 жылдан осы кезге дейін Қызылорда қалалық мәслихатының 6-шақырылымының депутаты.

Облыстық «Сыр үміті» жастар сыйлығының иегері. Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хатымен» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

 


Қармақшыда бокстан республикалық турнир басталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.11.2017 09:41

Аудан орталығындағы спорттық сауықтыру кешенінде халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпазы, талантты боксшы Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған 2001-2002 және 2003-2004 жылы туылған бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир басталды. Биылғы турнирдің бәсі биік. Ер Ерланды еске алып, оның ізін жалғауға қазақ боксшыларынан бөлек Өзбекстан спортшылары да келді.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің кеңесшісі Дастан Нәзікбаев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа келген былғары қолғап шеберлерінің қатары 130-ға жетіп жығылады. Олар 17 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Аудандық спорт және денешынықтыру бөлімі және достарының ұйытқы болуымен биыл 4-ші рет жалауын желбіреткен сайыс 26 қараша күні қорытындыланады. Ақтық ойындар да осы күнге жоспарланған.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


Ителгі құсын заңсыз тасымалдамақ болған азамат ұсталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.11.2017 09:29

Қызылордалық полицейлер өте сирек кездесетін ителгі құсын Шымкенттен Ақтөбе қаласына тасымалдамақ болған 28 жастағы азаматты ұстады. Бұл туралы Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

2017 жылғы 31 қазан күні сағат 19.25 шамасында Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция ротасы қызметкерлері «LADA Largus» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында автокөлік ішінен матаға оралған 2 дана ителгі құсын анықтаған. Оқиға орнынан аталған құсты заңсыз тасымалдағаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркеліп, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Егер де ұсталған азаматтың кінәсі дәлелденген жағдайда, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 


Күнтізбе

< Қараша 2017 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 24 25 26
27 28 29 30      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары