Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 21 Қараша 2017

ҚЫЗЫЛОРДАДА ИРАН ҒАЙЫПТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.11.2017 09:21

Кеше Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында ақын, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және "Парасат" орденінің иегері, "Платиналы Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты Иран Ғайыптың 70 жас мерейтойына орай "Бұ дүние ғайыбы" атты шығармашылық кеші өтті.

Иранбек Әбітайұлының шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қорына енген. Ол 30-ға жуық драмалық поэманың авторы. Оның көбі Қазақстан ғана емес шет елдерге де танымал. Мәселен, "Шыңғысхан", "Абылай хан", "Қорқыттың көрі" т.б. туындылары бірнеше шет тілдеріне  аударылған.

- «Қорқыттың көрі" өлеңдер жинағы үшін Иранбек Әбітайұлы 2002 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстан туралы жазба мүшәйрасында гран-при жүлдесіне ие болды. «ЭКСПО-2017" көрмесі аясында Астанада өткен Қызылорда облысының мәдениеті күндері шеңберінде Иран Ғайыптың мерейтойы аталып өтілді. Астаналықтарға "Қорқыт" спектаклін қойдық және Қызылорда облысының құрмет грамотасын тапсырдық, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Кеш барысында ақынның оқырмандары, достары мен туғандары мерейтой иесін құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ НЫСАНДАР АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.11.2017 09:16

Сырдария ауданында Құрметті азаматтар Аллеясы, тарихи-өлкетану музейі, шағын және орта кәсіпкерлік нысандары пайдалануға берілді.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Сырдария ауданында болып, нысандардың ашылуына қатысты.

Аймақ басшысы алдымен Сырдария ауданы, Ақжарма елді мекенінде шағын және орта кәспкерлікті дамыту жұмыстарының нәтижесінде ашылған "Толғанай" кешенінде болды. 80 адамға лайықталған дүкен мен дәмхананы жеке кәсіпкер Нұрсұлу Дүйсенова ашып, жұмысын дөңгелетіп отыр.

Ал Тереңөзек кентінен ашылған Құрметті азаматтар аллеясында аудан дамуына елеулі үлес қосқан 99 азаматтың есімі жазылған арнайы тақтайшалар орнатылған.

Сонымен қатар, аудандық "Еңбек даңқы музейі" тарихи-өлкетану музейінің жұмысы да жандана түскен.

«Сыр елі – ел азаматтарын бір кісідей еңбекке жұмылдыра білген қызылордалық 102 Социалистік Еңбек Ері шыққан қасиетті өлке. Олардың есімдері облыс тарихында алтын әріптермен мәңгілікке жазылады. Атақты күрішші Ыбырай Жақаевпен иық тірестіре еңбек етіп, мемлекет байлығын еселеп өсірген аймағымыздан шыққан Еңбек Ерлері Күләнда Әбдіраманова, Қасым Бөдеев, Ибадулла Ақниязов, шіркейлілік Балдырған Мұстапаева және басқа да аға-апаларымыз - еліміздің мақтанышы. Дала төсін дүбірлеткен еңбеккерлердің ізін жалғап, адал еңбегінің нәтижесінде ел экономикасын нығайтқан жандардың барлығы жас буын үшін үлгі-өнеге. Сыр өңірін дамытуға айтулы үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсету – біздің азаматтық парызымыз", - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Мұнан соң, аудан орталығында аймақ басшысы елді мекендерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға байланысты аудан активімен жиналыс өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі өткізілген көшпелі мәжілістерде аймақ басшысы барлық аудан және ауыл әкімдеріне жаппай кәсіпкерлікті дамытуға байланысты жұмыстар атқаруды тапсырған болатын.

Облыс әкімі апта соңына дейін дәл осындай 6 ауданда және Қызылорда қаласында кездесулер өткізеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Мобильді қосымшаның мүмкіндігі мол PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.11.2017 15:38

Кәсіпкерлердің құқығын реттеудегі байыпты бастама. Бұдан былай кәсіпкерлерге жүргізілетін тексеру оларға алдын-ала ескертілетін болады. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары Сәкен Ыдырыс мәлімдеді.

- Биыл кәсіпкерлерге көмек ретінде «Qamqor» мобильдік қосымшасы әзірленіп, іске қосылды. Аталған қызметтің мәні қолданушылардың (кәсіпкердің) телефонына тексеру тағайындалған жағдайда «Сізге тексеру келеді» мәтінімен Push-хабарлама келіп түсетіндігінде. Бұл қосымшада тексеруге қатысатын тұлғалар, мерзімі, құқықтық негіздері, тексеру нысаны туралы мәлімет көрсетіледі. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге тексеру басталғанға дейін немесе тексеру барысында орын алған заңбұзушылықтар бойынша шағымын онлайн режимде жіберуге де мүмкіндік берілген, - деді С.Олжабайұлы.

Брифинг барысында аталмыш Басқарма бастығының орынбасары кәсіпкерлерге қатысты тексерулердің басым көпшілігі, яғни 922 тексеру қоғамдық денсаулықты қорғау органдарымен жүргізілгенін айтты. Төтенше жағдай органдарымен 367, ал салық органдарымен 358 тексеру жұмыстары жүргізілген. Бүгінде тексерулердің 2406-сы аяқталса, оның 1075-і заңбұзушылықтар екені анықталған.

Биыл кәсіпкерлерге қарсы 12 заңсыз тексеріс болғандығы расталып отыр. Осы ретте Сәкен Ыдырыс «келтірілген деректер бақылаушы және қадағалаушы орган басшыларымен тексеруді тағайындау мен жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік актілерді өз қызметкерлеріне оқыту жұмыстарын тиісті дәрежеде жүргізбейтіндігі, ал кейбір жағдайда ведомствоның заң қызметінің құқықтық сауаттылығының төмен екенін көрсетеді» деді.

Осындай заңсыз тексерістердің алдын алып, кәсіпкерлерді қолдау үшін мобильді қосымшаны пайдалануға кеңес берді. Бұл бизнес иелеріне мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаудың көрсетіліп жатқанының тағы бір айғағы десек қателеспесіміз анық.

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 


Өрт оқиғасы өршіп тұр PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.11.2017 15:25

Биыл облыста өрт оқиғасының саны көбейіп отыр. Тілсіз жаудың жай-жапсарын өрт қауіпсіздігіне жауапты мамандар өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында тарқатты.

- Осы жылы облыс бойынша 446 өрт оқиғасы орын алып, 34 миллион 396 мың 500 теңге материалдық шығын келтірген. Былтыр 406 өрт болып, 29 миллион 598 мың 500 теңге мүліктік шығын болған. Өрт оқиғасынан 3 адам қаза болды. Оның ішінде 1-еуі – бала. Ал жарақат алғандар саны 9 адамды құрап отыр, - деді облыстық ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Руслан Қайрақбаев.

Өңірде 2017 жылдың қаңтарынан бері түтінге уланудың 10 фактісі тіркелген. Уланғандардың 7-еуі ересек адам болса, 18-і жасөспірім. Ал жылу беру маусымы басталғаннан бері мұндай деректің тек 1-еуі ғана болған. Одан 3 адам зардап шегіп, дәрігердің көмегіне жүгініпті. Облыстық медициналық орталықтың токсиколог-дәрігері Ерболат Алдабергеновтың айтуынша, биыл уланудан емделген 18 адамның көпшілігі пештен, моншаға түскенде, газдан ақау кеткен кезде уланған.

Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына өрттен келер қауіпті сейілту үшін жауапты қызметкерлер жүйелі жұмыс жасап жүр. Атап айтқанда, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы жұмылдырылып, өрт қауіпсіздігі шараларын ұйымдастыруда. Оның ішінде тұрғын үйлердегі тұрмыстық жағдайдағы от жағу пешінің қауіпсіздігі мен көмірқышқыл газына уланудың алдын алу насихатталуда. Әр аптаның сенбісінде аталмыш Департамент «Өрт қауіпсіздігі күнін» жариялап, өрттің себептерін талдай отыра облыс көлемінде 66 мың 616 тұрғын үйді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, мектеп жасындағы балаларға өрт қауіпсіздігіне байланысты білімін арттыру үшін білім беру мекемелерімен бірлесіп, кездесу, интерактивті сабақ өткізілген.

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 


Тұрақтылық пен татулық – тәуелсіз елдің тұғыры PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.11.2017 15:18

Тұрақтылық пен қоғамның өсіп-өркендеуі үшін мемлекеттік басым бағытта ең алдымен экономикаға назар аудару керек. Содан кейін ғана саясатқа орын берген жөн. Ал егер саясат алдыңғы қатарда жүрсе, онда экономикаға бет бұруға мүмкіндік болмай қалуы ғажап емес. Бұл экономикалық саясаттағы қағидалардың бірі десек те болады. Апта басында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуымен «Белсенді азаматтық қоғам – мықты Қазақстан» тақырыбымен өткен кездесуде осы мәселе де ашық қозғалды. Сыр елінің соңғы жылдардағы серпінді дамып келе жатқан экономикасы да еліміздің осы қағиданы ұстанып отырғанының нәтижесі. Экономика теориясының аталарының бірі А.Смит ойлап тапқан «нарықтың көрінбейтін қолы» сызбасы қазіргі күннің өзінде экономикалық бәсекелестіктің артуына оң ықпал етіп отыр. Жерасты байлығының ішінде «қара алтын» атағын иеленген мұнайдың облыстағы өндірілуінің 98 пайызы су, 2 пайызы ғана мұнай болуына экономикалық саясаттың түк те қатысы жоқ. Ал, есесіне құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салаларында жеткен жетістік аз емес. Бұл ретте аймағымыздағы үкіметтік емес ұйымдардың да иығында тұрған жүк жеңілдік етіп тұрған жоқ.

- Билік пен халықтың арасындағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау – азаматтық қоғамның қалыптасуына септік жасау. Мемлекет тарапынан қолдау көрсету – мемлекет басшысының саясаты. Байқап қарасаңыздар, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ экономиканы алдыңғы орынға қою жүйесі қалыптасты. Ал саясатты бірінші орынға қойғандағы мәселені көрші елдерден көруге болады. Орта Азия мемлекеттерінің соңғы 26 жылда 87 пайыз инвестициясы тікелей Қазақстанға келген. Неге? Себебі саяси тұрақтылық, елдің ауызбіршілігі, мықты билік. Балабақшаға барып жүрген баланың өзі тәрбиешіге көнбейтін кездер болады. Сол секілді қоғамда да қалыптасу кезеңінде түрлі саяси көзқарастар мен түсініспеушіліктер орын алып жатады. Біз біртұтас ел болғаннан кейін мұндай қиыншылықтарды елемеуіміз керек. Ал енді үкіметтік емес ұйымдарға келетін болсақ, барлық аудандарды қоса алғанда, облыс бойынша олардың жұмыстарын жүзеге асыру үшін 2009 жылы 45 млн теңге бөлінсе, биыл 3 млрд теңге қаржы қаралған. Жақында ғана 6,3 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыруға шешім қабылданды, - деді жиынның алғысөзінде аймақ басшысы.

Жиынның негізгі бағыттары түсіндірілгеннен кейін үздік жұмыс жасап келе жатқан ҮЕҰ төрағалары мен төрайымдары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Аймағымыздағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келе жатқан «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Баймаханова Арал экологиясы бағытында баяндама жасады. Облыс әкімі де осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға аз-кем тоқталды.

- САРАТС жобасының екінші кезеңін жүзеге асырудағы 6 компоненттің 4-еуі республикалық бюджет қаржысынан шешімін табатын болды. 144 мың гектар жерге ағаш егуге арналған жобаны жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған қосымша 8 компонент дүниежүзілік банк қаражаты есебінен қаржыландырылмақ. Өзбекстан басшылығы үш жыл бойы келіспей жүрген позициясын өзгертті. Қазіргі президент Ш.Мирзиеев те бұрынғы президенттің экспорттық пікіріне жүгінеді. Сол себептен ҚР-ның мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова жылдың басында Қызылорда облысына іссапармен келген уақытта Аралға апарып, барлығын түсіндіріп, жұмыс жасадық. Дүниежүзілік банкімен де келісілген жобалар толығымен жүзеге асатын болды. Қоғамның да, әкімдіктің де көтеріп отырған мәселелері Елбасы тарапынан қолдау тауып келеді, - деді облыс әкімі Қ.Елеуұлы.

Елбасы мақаласындағы рухани жаңғыру мәселесіне қатысты ҮЕҰ-ның атқарып жатқан жұмыстары ел ішінде кеңінен насихатталып, жастар арасындағы отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерінің қалыптасуына септігін тигізіп келеді. Ел дамуының алғышарты өз алдына бөлек әңгіме. Ел халқының өзекжарды міндеттерінің барлығы қоғамның ішкі даму талаптарынан туындайды. Елдің табиғатын оның экономикалық, әлеуметтік және мәдени мазмұны мен ішкі трендтері айқындайтыны тағы бар. Осыларды есепке алмай, басқа мемлекеттердің даму модельдері мен ерекшеліктерін өзімізге көзсіз енгізуге ұмтылу біздің болмысымызға жат. Бұлай болуы түптің түбінде дамуды тежейді. Әрине, бұл ойдан әлемдік ғылым, техника, технология және ақпараттың озық үлгілерін алмаймыз деу емес. Қазақстан өзіне қажетті заманауи жетістіктерге есігін ашып қойған. Соның бірі – әлемдік ғарыштық державаға айналу. Облыс әкімінің айтуынша, 2022 жылы біз өзімізді ғарыштық мемлекетпіз деп толықтай айта аламыз.

Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени, рухани өзекті мәселелер қозғалған кездесу аясында «Ұмай» емдеу-тәрбиелеу балалар қайырымдылық үйінің директоры А.Ізден, «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының төрағасы Ғ.Тұяқбаев, «Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы» қауымдастығының Байқоңыр қаласы филиалының жетекшісі Б.Қалиянова, «Жас ғалымдар Альянсы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Нобель медалінің иегері Н.Аппазовтар өз салалары бойынша баяндама жасап, өзге қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар облыс әкіміне өздерінің ұсыныстарын жеткізді.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ,

Н.Нұржаубай (сурет)

 


Күнтізбе

< Қараша 2017 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары