Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 14 Қараша 2017

Ардагер ақындар мүшәйрасы өткізілді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.11.2017 09:40

Қазалы ауданының құрметті азаматы Оразғали Бекбанов басшылық жасайтын аудандық ардагерлер ұйымының өнегелі істері Сыр өңірі, қала берді, республика көлеміне жақсы танымал. Қашанда ел ішіндегі игі жұмыстардың басы-қасында жүретін осынау іргелі ұйым бұл жолы да көпшіліктің көңілінен табылды. Ардагерлер ұйымы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп ұйымдастырған «Ардагер ақындар мүшәйрасы - 2017» байқауы аса тартымды өтті.

Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған мүшәйраға елді мекендер, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінен көпшілікке танымал ақындар қатысты. Халықтар достығын, еліміздің өсіп-өркендеу жолын, саяси тұрақтылықты дәріптеуді тұтынған байқауға белгілі әнші Галя Оспанова, ардагер өнерпаз Ұлжан Ахметова, ақындар Сержан Берденұлы, Ермекбай Ағыраев қазылық жасады.

Сайыс қорытындысында Жанқожа батыр ауылынан келген ақын Әли Шайқұлов, кент тұрғыны Мақсат Айгелдиев, Қазалы қаласының ақыны Салия Дүзбаева облыстық ақындар мүшәйрасына жолдама алды. Барша қатысушылар мен жеңімпаздарға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов марапаттар тапсырды. Байқау соңында өзіміз тілдескен Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғани Темірбаев әрбір адам үшін ардагерлердің орны ерекше екендігін, аға буынға жасалар құрметтің алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.

Шара шын мәнісінде жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көз көрді. Десе де, көңілді құлазытқан жайтты да жеткізе кетсек. Атшаптырым залға көрермендер саусақпен санарлықтай ғана жиналды. Бәлкім, жұмыс уақытында өткен соң солай болуы да. Алайда шалғай ауылдардан ат арытып жеткен ардагер ақын аға-апалар жыр сүйер қауыммен жүздескенде бір ғанибет болар еді деген ойды несіне жасырамыз. Ақындардың, әсіресе, егде тартқан адамның жаны кез келген нәрсеге марқайып, болмашыға мұңайып қалатыны белгілі.

Оған қоса Елбасымыздың «Ардагерлер - біздің алтын қорымыз, мақтанышымыз. Олар еліміздің ертеңі үшін қан төкті, туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етті. Сондықтан біз олардың еңбектерін әрқашан да ұмытпай бағалап, ардагерлерге ілтипат, құрметпен қатар тұрмыстық-әлеуметтік қамқорлық көрсетуіміз керек» деген сөзі текке айтылды деймісіз.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Қармақшыдағы ілкімді істер PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.11.2017 13:49

Жүз шайыр шыққан Қармақшы өңірінің бүгінгі әлеуеті әлденіп, келбеті кемелденіп келеді. Бір емес, бірнеше саланы жолға қойып, жүйелеген ауданда атқарылған істер расымен ауқымды. Сандар да, статистика да соны меңзейді. Жалпы, Қазақстан аграрлы ел ретінде барлық облыс көлемінде ауыл шаруашылығы индустриясы жақсы дамыған. Тіпті, тұрғындардың тіршілік көзі мен табысы да аграрлы өндіріске келіп тіреледі. Біздің облыс аудандарының да бұл салада жеткен жетістіктері жетерлік. Оған дәлел Қармақшы ауданында ағымдағы жылдың көрсеткішімен егіс көлемінің 2017 гектарға, күріш көлемінің - 184, мал азықтық дақылдардың - 612, жаңа жоңышқаның - 557, бақша дақылдарының - 8, көкөністің - 46 және мақсары дақылының 638 гектарға көбеюін айтсақ та жеткілікті. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Сұлтан Мақашов баяндады.

Аудан диқандарының ала жаздай еңбегі ақталып, 14209 гектар күріштің әр гектарынан 59,5 центнерден өнім алынды. Қамбаға 84543 тоннадан астам Сыр маржаны құйылды. Бұл егемендік алған жылдардың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6 млрд 837 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,4 пайызды құрады, - деді аудан басшысы.

Айтқандай, мемлекет мал басын көбейту мақсатындағы жұмыстарға да мейлінше мүмкіндік жасаған. Мемлекеттің мұндай мүмкіндігін тиімді пайдаланған аудан тұрғындары «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары аясында бірталай жұмысты бастап кетті. Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасымен аудандағы 5 шаруа қожалығы 42,1 млн теңге несие алды. Сонымен қатар өз қаражаттары есебінен 4 шаруа қожалығы қазақтың ақбас асыл тұқымды бұқаларын алып, тұқымдық түрлендіру мақсатында жұмыс атқарып келеді. Ал есепті мерзімде 233 бас аналық сиыр, 10 бас бұқа сатып алынып, жоспар 88,9 пайызға орындалған.

Аймақтың білім, денсаулық, спорт салаларындағы әлеуеті де айтарлықтай жоғары. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуында да мін жоқ. Өздеріңізге жақсы таныс «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 60 маманға тұрғын үй сатып алуы үшін 186,0 млн теңге несие берілген. Шағын және орта кәсіпкерліктің даму динамикасы да бөтен емес. Осыдан тура бір жыл бұрын «Ақтөбе и К» ЖШС-нің «Өнімділігі жылына 1500 тонна құс фабрикасы» 2016 жылы Өңірлер кәсіпкерлігін дамыту картасына енген еді. Қазіргі уақытта құс фабрикасының құрылысы басталып, алғашқы іргетасы қаланып үлгерді.

Қазір облыс аумағында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оны көзімізбен көріп отырмыз. Құрылыс нысандары салынып, өндіріс көлемі де айтарлықтай ұлғайған Қармақшы ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы да ауыз толтырып айтарлықтай. «Жол – тіршіліктің күретамыры». Ал аудан батыс пен шығысты байланыстырған жол торабының нақ дәлізінде орналасқан. Демек, транспорт жолдарының жақсаруы тіршіліктің оң дамуына әсер етпей қоймайды. Осы мақсатта автокөлік жолдарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен барлығы 100,6 млн теңге қаралып, бүгінде тиісті жұмыстар жүргізілу үстінде.

Жоғарыда сөйлеткен сандар ауданның толымды тіршілігін толық көрсетпейді. Тұрғындардың бүгінде тұрмысы түзелген, ауызсу, газ, абаттандырылу жұмыстары мен әлеуметтік мәселелердің де мәйегі мәнді етіліп келеді. Яғни, жоспар жүйелі, нәтиже бар. Тек аудан халқы ауызбірлішіктен ажырамай, алдағы уақытта да абырой биігінде болсын деп тілейміз.

Қ.ЖАҚСЫЛЫҚ,

Н.Нұржаубай (фото)

 


Күнтізбе

< Қараша 2017 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары