Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 07 Қараша 2017

Алаяқтардың дені – жұмыссыздар PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.11.2017 09:48

Биылғы жылдың 10 айында облыс көлемінде 594 алаяқтық қылмысы тіркелген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 17,2 пайызға азайды деген сөз. Ішкі істер органдары жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталмыш қылмыстың 95,9 пайызы ашылып, қылмыскерге заң негізінде тиісті шаралар қолданылған. Бұл туралы облыстық ІІД криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Нұрбол Сәден БАҚ өкілдеріне өткізген жиын барысында мәлімдеді.

- Өңірде тіркелген алаяқтық қылмысын талдасақ, қарызға ақша алып қайтармағандар – 29, несие алуға көмектесемін дегендер – 64, кезексіз жер алып беремін дегендер – 21, кезектен тыс үй алуға көмектесемін дегендер – 80, жұмысқа тұрғызуға көмектесемін дегендер – 155, оқуға түсіруге – 21, интернет желісі немесе ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есепшотына ақша салдырғандар саны – 48. Ағымдағы жылдың 10 айында алаяқтық қылмыс жасағаны үшін 244 адам ұсталған. Осы қылмыс жасаған күдіктілердің 154-і әйел адамдар болса, 90-ы – ер-азаматтар. Сондай-ақ, олардың басым көпшілігін жұмыссыздар құрайды, - деді Нұрбол Әбдіғалиұлы.

Оның айтуынша, әйелдердің сенімге кіру мүмкіндігі жоғары және қылмысқа баратын әйелдер әшкере бола қалған жағдайда өздеріне ауыр жаза тағайындалмайтынын біледі.

Белгілі болған 594 алаяқтық қылмысының 131-і ашылмай отыр. Оған жәбірленушілердің кеш арыздануы, әлеуметтік желі арқылы берілген жарнамадағы заттарға алдын ала төлем жасай салуы, кәсіпкер мен жеке тұлға арасындағы келісімшарттың негізінде қаражаттың уақытылы қайтарылмауы себеп болып отыр.

Тұрғындарды алаңдатып отырған тағы бір мәселе – мал ұрлығы. Биылғы 10 айда облыс көлемінде 480 мал ұрлығы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 15,8 пайызға кеміп отыр. Өткен жылы малдың 267-сі өрістен ұрланса, 213-і мал қорадан қолды болған. Осындай қылмыстылықтың алдын алу мақсатында құзырлы органдар профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Ішкі істер органдары ветеринария мамандарымен бірлесіп, мал базарларда күнделікті әрбір көлікпен сатуға әкелінген малдарды көріп, оның қай жерде сойылғанын, қандай ет екенін анықтауда рейдтік шаралар ұйымдастыруда.

Ж.Қойшыбекова

 


КІТАПТАР КӨРМЕСІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.11.2017 09:24

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында ғылыми-техникалық кітапханада «Рухани жаңғыру – болашаққа сенім» тақырыбында кітаптар көрмесі өтті. Оған университет оқытушылары, кітапхана қызметкерлері, магистранттар мен студенттер қатысты. Көрме барысында ғылыми-техникалық кітапхана директоры Ж.Әбенова кітапхана қызметі мен білім беру жүйесіндегі базалық жетістіктер жөнінде баяндады.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы гуманитарлық университет, полтиехникалық институт, облыстық ғылыми-техникалық кітапханалары негізінде құрылған. Бүгінде мұндағы кітап қорының жалпы саны 2 миллионнан асады. Кітапхана облыстағы білім беру жүйесіндегі кітапханалардың әдістемелік орталығы болып табылады. Базасы үнемі толықтырылып, кітаптар қоры жиі жаңартылып тұрады. Бүгінде кітапхана қорында 5000-ға жуық сирек кездесетін әдебиеттер, 13000-дай ағылшын тіліндегі кітаптар және электронды оқулықтар, аудио-бейнетаспалар бар.

ҚМУ-дың баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қараша 2017 >
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары