Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
САЯСАТ һәм САЙҚЫМАЗАҚ
13.06.2013 12:15

Жириновскийді танымайтын адам жоқ-ау, осы. Тіпті, менің ауылдағы әжеме дейін біледі. «Қазақ туралы өмірі аузынан жақсы сөз шықпайтын (неге екенін қайдам, оның Орта Азия елдерінің ішінде Қазақстанға деген өкпесі қара қазандай, үнемі сынап-мінеп жүргені, ал өзінің Алматыда туып, жиырма жылға жуық уақытын сонда өткізгенімен шаруасы жоқ) ана біреу ме?!» деп қойып қалатынын қайтерсің.

Жә, Жириновскийдің танымалдығы неде дерсіз? Ол бір арсы-күрсі жүрген адам. Аузына келгенді ақтара салады. Өзін керемет тарихшы, саясаткер санайды. Орыстың мүддесін бәрінен жоғары қоятын оның басқа ұлттарға «түкіргені бар». Ал маған Ресей билігі Бәкеңнің (Владимир дегенім) қолымен от көсегісі келетіндей көрінеді. Соған қарап, «тентек шалды» тапсырыс орындаушы ма деп қаласың. Қазақстанның саяси аренасында да Жириновский сияқты аузына келгенді оттап, трибунадан түспей жүрген әсіребелсенділер аз емес. Бүгін біз солардың тек үшеуі туралы айтамыз: Амантай қажы Асылбеков, Мұрат Телібеков және Бақыт Сыздықова. Бірақ Жириновскийдің бұлардан бір артықшылығы бар. «Орыс» дегенде оның шығарда жаны бөлек. Ал біздің белсенділерде ондай өлермендік жоқ. Қазақ ұлты, қазақ тілі, қазақтың мүддесі ... Бәрібір оларға.


«АТТАНШЫЛ»  АМАНТАЙ

Қашан көрсең де, қолынан аса таяғы, үстінен ақ шапаны түспейтін осы бір «ақ киімді, денелі, ақ сақал­ды» шалды Сіз де танисыз. Ол – әрине, «аттан» деуден аузы талмайтын, жасы жетпістен асса да, бала құсап тал-дараққа оңай өрмелеп шығып кете беретін Амантай қажы Асылбеков. «Алла тағалам таяқ ұстауды маған тапсырыпты» дейтін көрінеді өзі. Аттан түспей­тін Амантай қажының киім киісі, өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәнері ешкім­ге ұқсамайды. Қысқасы, имиджі қызық. Меккеге бір емес, он рет барып-қайтқан қажы өзін «қазақтың Омар Халифі» деп көрінген жерде айтып жүр. Ал жұрт оны 1992 жылы құрылған «Аттан, Қазақстан» қозғалысының жетек­шісі ретінде әлдеқайда жақсы тани­ды. Амантай Асылбековтың оған дейінгі «ерліктерін» бірақ екінің бірі білмес. «Неге бізде қазақ мектептері жоқ?» деп, 1966 жылы Алматыдағы Компартия обкомы­ның бірінші хатшысы Асанбай Асқа­ров­қа төтесінен сауал­ жолдапты. Арада жиырма жыл өткенде  86-ның Желтоқсан оқиғасына қатысушы жастарға дем берген де, 1991 жылдың күзінде Оралдағы казак көсемдерінің жиналысын та­ратып жіберген де – осы кісі деседі.  2 млн. адамның қолын жинап, Семе­й полигонының жабылуына атсалысқаны туралы да арагідік айтылып қалады. Аты бар да, заты беймәлім «Аттан, Қазақстан» қозғалысы құрылғалы бері бір рет те аттан түсіп көрмепті. Әлсін-әлсін аузынан шығатын оғаш ой-пікірлерімен қазақ қоға­мын қалғытпай келеді­, әйтеуір. «Отырып қалған» қыздардың сауа­бын алу үшін президент болмаққа да бекінген. Бірақ ең үлкен саяси додада мемлекеттік тілде емтихан тапсырмай қатырды. Бәйбішесі рұқсат етсе, тоқал алу­дан­ да кетәрі емес. Көп әйел алуды­ қолдағандардың бірі – осы Амантай қажы. Тағы... Тағы ол ма­фия­ме­н күрес, сыбайлас жем­қор­лық мәселесіне байланысты да біраз жерде пікір білдірді. «Ма­фияны жеңбей, ары таза адамдар билікке жете алмайды» дейді өзі. Талай мәрте әрісі президенттік тақтан, берісі мәжі­ліс депутаттығынан дәмелі болған «аттаншыл» ағамыздың неге жолы болмай жүргенін түсіну енді қиын емес шығар.

Қажы туралы бірер қызық дерек­ таптық ғаламтордан. 28 мемлекетке барып, қазақ елінің туын қадаған. 1992 жылдан бері Меккеде тігулі тұрған қараша үйінен 5 мыңдай адамға зәмзәм суынан дәм татқы­зған. Көріпкелдік те қасиеті бар бойында. Семей полигонының жабылатыны, экс-мүфти Рәт­бек қажыға қастандық жасалып, қолы сынатыны, оның орнынан түсетіні туралы болжамдары дәл келгенге ұқсайды. Амантай қажының қай «қылығы» болмасын, езуіңе қаралай күлкі үйіреді. Бір қызығы, «аттанш­ыл» азаматтың ұранды «шерулерін» шектеп жатқан ешкімді көрмейсің. Соған қарағанда, мұның сыртында саясат бар-ау, шамасы.

 

«СЫЗЫЛҒАН» СЫЗДЫҚОВА

Кезіндегі «КВН»-ші Бақыт Сыздықова саясатты сахнамен шата­стырып жүр ме деп қоям. «КВН» ойнағанда залда отырған көрермендерді күлдіруге тырысса, енді бүкіл елді еріксіз өзінің аузына­ қаратумен келеді. Жасы қырық­қа жақындаған ол қоғамдық пікір­дің «конвейеріне» айналғалы қа­шан?! Экс-мәжілісмен таяуда Ас­тан­адағы мейрамханалардың бірін­де даяшы болып, жұртты тағы таң­ғалдырды. Әрине, тек бір күн. Қайы­рымдылық акциясының мақсаты – жиналған қаражат есебінен Ұлы Отан соғысының бірнеше арда­геріне көмектесу. «14 жасымда дәмханада ыдыс жуушы болып еңбек еттім. Бұл – менің өмірімдегі ең алғашқы жұмысым. Дегенмен, одан кейін даяшылықпен айналыспағанмын», - депті Сыздықова бір сұхбатында. Сірә, бұл шаруаның қолынан келетініне көптің көзін жеткізгісі келсе керек. Жә, сауапты­ іс жасаған екен. Онысы құптарлық. Бірақ Сыздықованың бұған дейінгі «ерсі» қылық­тары, оғаш ойлары­ айналып алдымыздан шыға береді енді. Өйткені өткенді өшіре алмайсың.

Жын қағып кеткен адамдай «Harlem shake» деген биді билегені үшін оқудан шығарыла жаздаған қарағандылық екі студентке болыс­қандардың бірі – осы Бақыт ханым. Тіпті өзі де қоса биледі емес пе?! Сол көріністі интернет, телеарна арқылы талай адам көрді. Таңдай қақты. «Мұнысы ұят енді» десті. Қарағандылық қос студентті ақыры «қаһарман» етіп шығарды. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловқа дейін сызылған Сыздық­овадан аттап кете алған жоқ. «Олар оқудан қуылмайды» деп кесіп айтты. Біле-білген адамға «Harlem shake» биі – сексуалды азғындық­ты насихаттайтын шайтани дүние. Ешқандай да дәстүрлі өнер түрі емес. Оған билеуге Ресейде рұқсат жоқ. Ал енді бір мемлекеттерде жазаға тартады. Сөйткен Батыстың болмайтын «өнерін» Бақыт­ ханым көкке көтеріп жіберді. Оның негізгі мамандығы – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қазақ жерінің ауасын жұтып, қалың қазақтың ортасында жүрсе де, мемлекеттік тілдің иісі мұрнына бармайды. Қайбір жылы ұлттық арна тілшісі қазақтың бір мақалын айтып­ беруін өтінгенде, Бақыт ханым: «Казыр ма? Жок, уяламын, менде акцент бар, сосын кулесиз…», - деп қатырған. Оның ұсыныстары да қызық. Бірде айтты: «Үйде бала бағып отырған әйел­дерге ақша төлеу керек», - деп, енді бірде «еркектер көп әйел алса, біз де екі күйеуге тиеміз», - деп, бөрік­тілерге қарымта жауап қайтарған. Ең сорақысы, бір сәт мүгедек арбасына отырып, ыржың-ыржың күліп, өзін «жарнамалағанда» зығырданы қайнамаған кембағал жан қалмаған шығар. Сәйкестік дерсіз, сөйткен Бақыт ханым қазіргі күні ұлттық парали­мпиадалық комитеттің вице-президенті болып отыр.

 

«ТАҚИЯЛЫ» ТЕЛІБЕКОВ

Жын қаққан биге елітіп, естен танғанша билеген қарағандылық студенттерді Бақыт Сыздықовамен бірге мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков те қолдаған. Оның «сынған парта-үстелді мен-ақ төлеп берем» деуі мұсылмандықтың қалыбына сыймайды. Соңғы уақыттары түкірігі жерге түспей тұрған Телібеков кім өзі?

Биографиясы бүй дейді: мамандығы – журналист, техника ғылымдарының кандидаты. Қан­ша жерден «діни сауаттымын» десе де, қандай жоғары оқу орнын бітір­гені жөнінде мәлімет жоқ. Мұрат Телібеков, ең бірінші, өзінің атышулы ұсыныстарымен және іс-әрекеттерімен танымал. 2011 жылы президенттік сайлауға түсті. Бірақ қазақ тілінен емтиханға келмей қалуы себепті «ұшып кетті». Мұ­ның себебін ол «мемлекеттегі жоға­ры лауазымға үміткер адамды қайдағы бір орталық сайлау комиссиясының шенеуніктері емес, халық бағалауы керек» деп түсін­дірді. 2009 жылы бірде-бір мүшесі жоқ, жалғыз Телібековке таңылған­ мұсылмандар одағы Қазақстанды бүкіл әлемнің алдында масқара қылған «Борат» фильмінің авторы саша Барон Коэнмен бірлесе жұмыс жасайтынын мәлімдеді. Бірақ одан кейін не боп, не қойғаны белгісіз. Телібековтың қазақ ұлты, қазақ тілі, атамекеніне оралып жатқан қандастарымыз жөнін­дегі пікірлері де құлаққа түрпідей тиеді. Оның ойынша, тіл байлығы әдеби тілімен емес, жаргон сөздерімен өлшенеді екен. «Орыс, ағылшын, басқа тілдерде бар жаргон қазақ тілінде жоқ. Осының кесірінен қазақ тілі қартайып, өліп бара­ды» деп есептейді тақиялы Телібеков. Тағы бірде былай дейді: «Біз елімізден орыс, кәріс, немістерді қуып жатырмыз. Олардың құқын шектейтін небір заңдар қабылдадық. Ал сонымен бірге Моңғолиядан, Қытай, Иран мен Ауғанстаннан қазақтарды жинап жатырмыз. Ертең елге қауіп төнсе, мына сырт­тан келген қазақтар қайтадан қашып кетеді. Елді қорғайтын – осындағы ұйғырлар, кәрістер мен орыстар». Сонда ұлан-байтақ жер­ді қорғайтұғын қожайын – қазақтар қайда қалды?! Айта берсе, оның «біртүрлі» байламдарының шегіне жетіп болмайсың. «Телі­беков тағы не ірітеді екен?» деп күтіп отырғаның.

«Жақсы.кз» сайтының тілшісі онымен сұхбаттасуға барған ғой. Журналистің қолындағы фотоаппаратты көргеннен «мен тақиямды кие қояйын» депті. «Е, неге?» демей­ ме тілші. «Мұсылманның атынан сөз сөйлейтін адамның тақия­сыз жүргені – харам» деп қойып қалыпты Телібеков. Мұсылмандықтың, тақуалықтың өлшемі жалғыз тақия болмаса керек. Мұрат мырза осыны әсте естен шығарып алған тәрізді. Әр сөздің салмағы бар екенімен шаруасы жоқ, ойына келгенд­і айта салады. Телібековтікі, демек, «қара пиар» ғана.

P.S. «Саясатсайқалдың ісі» дейді. Ол құдды бір дойбы тақтасы сияқтыОйыншы кім, пешка кім, мат кім, «ішің білсін, әлуай». Жоғарыда біз айтқан­ үшеудің осылардың қайсысы екенін өзіңіз білесіз. Бірақ тегі қазақ саяси «тентектердің» қазақ туралы қисынсыз пікірлері көңіліңді түсіріп жібереді­. Одан да көпсөзділікті қойып, қолынан келетін іспен айналысқаны абзал емес пе?! Мысалы, Мақсұт Нәрікбаев сияқты «Қаражорғаға» билесін, Ғани Қасымов, Мэлс Елеусізов сияқты ән салсын, Ирак Елекеев сияқты теле­жүрг­ізуші-ақ болсын. Әйтеуір, өрескел ой-пікір айтып, өздерін, қазақ халқын­ ұятқа қалдырмай-ақ қойсын. Әлде бұл олардың саясаткер ретінде таңдап алған имиджі ме? Әлде мінез...

Н.ШАМАУ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2013 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары