Өзекті мәселелер

  • 25.08.16

    Ашығын айту керек, қазір қоғамда бүтін отбасы аз. Жартылай жетімдер көп. Ажырасу екі адамға қатысты болса тәуекел, ортадағы баланың да тағдыры таразыға түсетіні жүректі ауыртады. Қамкөңіл ұрпақ көбеюде. Мәселен, Қызылорда қаласында биылғы алты айдың өзінде 600-ден астам ерлі-зайыпты ажырасқан. Көңіл жарастырғандардың кейіннен сөз таластыруларына не себеп? Әлде біреу бұған араласа ма...

    Толығырақ...
  • 25.08.16

    Қала тұрғындарының көпшілігі өздері отырғызған көкөніс пен жеміс ағашының жемісін жей алмай отыр. Гектарлап жер алмаса да, ауласына шағын бау-бақша еккендер еңбегінің зая кеткеніне налиды. Редакциямызға келіп, мұңын шаққан қала тұрғыны Мұхтар Оспанов бұл ахуалға қарсы амал таппай әуре.

  • 25.08.16

    Оның  ұлты  – орыс, бірақ жаны – қазақ. Ол көп жастарға үлгі. Ол  уәдеге берік. Ол – Парламент мәжілісінің ең жас депутаты. Ол – алтыншы шақырылымның басты «кейіпкері». Ол – Геннадий Шиповских. Шенеуніктердің қыр-сырына журналистер жақсы қанық. Кезекті жиындардың бірінде жас депутатпен жолығудың сәті түсті. Әрине, елге келген мәжілісмендермен сұхбаттасудың реті келе бермейді. Алайда қаз...

    Толығырақ...
  • 25.08.16

    БАТЫРДЫҢ  СОҢҒЫ  КҮНІ

    Жарықтық, Жанқожа батыр қартайғанда ауылы аралас, қойы қоралас ағайындардың ниетінен қаза бол­ған екен деп айтатын ілгерідегілер. Таң сәріде таңғы намазын оқып болып, батасын қайырып отырғанында, бір ызыңдаған дауыс құлағына шалынғандай болады. Сол ызың сембейді, талып жетіп, талып жетіп тұрады. Батыр таңғы намазын тияна...

    Толығырақ...
  • 25.08.16

    Тамыз кеңесі - білім беру саласындағы мәселелерді талқылайтын ашық пікір алаңы. Тап осы басқосуда өткен жылдың түйіні қойылып, жаңа оқу жылының жоспары жасалады. Еңбегіне сай бірқатар ұстаздар еленіп жатса, бірқатар ағартушылар «айқайдың» астына қалатыны да жасырын емес-ті. Алайда дәстүрлі жиын биыл ың-шыңсыз өтті. Министрліктен мәртебелі меймандар келгендіктен бе, ішкі «кухнямызды» көр...

    Толығырақ...
«МЕН КЕТТІМ!» деп АЙТАТЫН БАСШЫ БАР МА?
25.08.2016 12:06

Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары елдің тыныштығын қызғыштай қоритын қорғаныс саласына деген сенім сетінеп барады. Кезінде бір ғана «Арқан­керген» шекара бекетіндегі қалың елдің қабырғасын қайыстырған­ қан­ды қырғын талайдың басын қатыр­ғаны бар. Осы бір шетін оқиға тура­сында болжам көп айтылып, көңілді күпті қылған, бірақ ақ-қарасы ажыратылмай, бәрін бір  сарбазға жаба сал­ған­ сол сойқан істе істі бол­ған бір басшыны байқамадық. Оны айтасың, қол астында бүтін бір команда қырылып қалса да, сол кездегі Қорғаныс минист­рі мен шекара қызметі басшысының өз еркімен отставкаға кетпегені  қайран қалдырады. Есесіне сол күндері еліміздің қорғаныс министрі Ә.Жақсыбеков­тің «Мегаполис» газе­тіне  сұхбат  бергені  бар. «Мы готовимся к возникновению  серьезных ситуаций...» деп тақырыбын айқай­латып қойған, бірақ министріміз онда әлгі қанды қырғын жайында жақ ашпап­ты. Ситуация­ның көкесі «Арқанке­ргенде» болып қойғанын білгісі де келмеген еді.

 
Жақсы маман жерде қалмайды
25.08.2016 12:01

«Балапанды күзде санайды». Кейде бұл тәмсілге бағынбайтын да сәттер болады, әсіресе кадрлық ауыс-тү­йісте. Біздің билікте тамылжыған тамызда да тағайындаулар бола береді. Сол сияқты өткен аптаның аяғындағы ауыс-түйіс облыс әкімдігінің өзінен басталды. Нақты айтқанда, 2014 жылдың желтоқсанында аймаққа аттай қалап алдырыл­ған, атақ-абыройы бір басына жетерлік, төрт тілді қатар меңгерген, Шығыс Қазақстанның тумасы Рауан Кенже­ханұлы басқа қызметке ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

 
Жетімнің жәрдемақысы несиені жауып отырған
25.08.2016 11:55

«Жетімнің ақысын жеме» дейді. Алайда Жалағаш ауданының білім бөліміндегілер бұл аталы сөзден аттаған. Олар бөлімге қарайтын қорғаншылық және қамқоршылық органымен  бірге заңбұзушылыққа барған.

Білім бөлімі қызметкерлері баланың қамқоршысына жеке есепшот ашпаған. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала­ларды күтіп-бағу үшін төленетін жәрдемақы асыраушының бұрыннан бар есепшотына жәрдемақы, зейнетақы, стандарт өнімдері бойынша аударыла берген. Яғни, есепшотқа түскен ақша асыраушыға тиесілі табыс ретінде есептеліп келген. Соның салдарынан балаларға төленетін жәрдемақы кейбір қамқоршылардың несиесін жауып отырған.­

 
Шыр-пыр болған Сағадиевтер
25.08.2016 11:52

Жер мен білім мәселесі десе  болды, қос Сағадиев білек сыбана кірісіп кететіні бар. Экономист-ғалым Кенжеғали Сағадиевті айтамыз. Өткенде «жерді сату керек» деп жанұшыра айқайлап, елдің зәре-құтын қашырғаны есімізде. Абырой болғанда Елбасы 5 жылға мораторий жариялап, кейінге қалдырды. Әйтпесе, Кенжекең алған бетінен таятын түрі жоқ. Комиссия отырысында ауық-ауық белсеніп, берекемізді алды. Иә, жеріміздің жағдайы қа­лып­қа енді түсе бастады. Алайда көмкеріліп жатқан көп мәселе бар. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің 80 мың гектар, «Иволга-холдинг» ЖШС директоры Василий Розиновтың 700 мың гектар жері бар деген ақпарат желдей есіп жүр. Бұл шенділердің жер-ана арқылы байып отырғаны белгілі. Сондықтан болар экономист-ғалымның «жерді сату керек» деп құл­шы­нып жүргені. Жә, шау тартып қалған Кенжекеңнің талап-тілегі кейінге шегерілді.

 
Солтүстік өзен суларын оңтүстікке жеткізіп, аграрлық саланы дамытуға болады
25.08.2016 11:44

Ерте тарихты алып қарасаңыз, өркениеттің  оңтүс­тік жылы өңірлердің өзен бойларында дами бастағанын білесіз. Ең алғашқы өркениет Месопотомияның Тигр мен Евфрат өзендерінің оңтүстік бөлігінде б.э.д. төрт мыңжылдықтың алғашқы құлиелену кезінде пайда болып, оның қарапайым экономикасы егін шаруашылығына негізделген. Ежелгі Мысырда каналдар қазылып, Ніл өзені суларын едәуір алыс жақтар алқаптарына жеткізіп, егін егіп, ел экономикасы мен өркениеті дами бастаған.

 

Күнтізбе

< Тамыз 2016 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары